Көк аспанан келер көп қатер

447

Соңғы он жылдықта адамзат үшін қатер жерден емес, көктен келетіні белгілі бола бастады. Бұл жай айтыла салған алып-қашпа әңгіме емес. Өзегінде ащы шындық жатқан – ақиқат. Егер де төрт-бес мың жылдық тарихы хатқа рет-ретімен түсірілген қытай, шумер, үнді жылнамаларына зер салып, ескі қолжазбаларды парақтап жіберсең, «адамға қатер көктен төнеді. Жердегі саналы тіршілік иесінің түбіне жеті қат көктен түскендер жетеді» деген сөздерді оқуға болады.

Демек, сол кезде-ақ көк аспанға көз салған оқымыстылар бір пәленің көктен келетінін болжап қойса керек. Тіпті адам хат танымаған ескі заманда Чили, Африка, Таяу Шығыс, Орта Азиядағы шөлдерде, үңгір, жартастарға қашап салынған суреттерде де көктен түскен, скафандар киген жат жұрттықтардың кескіндерін байқауға болады. Бұл не? Жұмыр жер саналы тіршілік иелерінің әлсін-әлсін ат басып бұрып, аялдап кететін мекені болғаны ма? Бәлкім жерге саналы тіршілік иесінің тұқымын сеуіп, олардың қалай өсіп-өнетінін, өркендейтінін бақылап жүрген де болар-ау, олар. Өйткені бүгінгі ғылым, баяғы Дарвин шал айтқандай «адам баласы маймылдан емес, көктен түскендер сепкен ұрықтан өсіп-өнді» деген болжамға көбірек ыңғай танытуда. Бәлкм солай да шығар. Бүгінгі күні көк зеңгірге көз тіккен астрономдар «мынау шетсіз-шексіз ғарышта күн галактикасынан өзге ондаған, бәлкім жүздеген галактикалар бар, олардың бәрін де әр түрлі деңгейде дамыған тіршілік иелері күнелтеді» деген нақты деректерге негізделген болжамдар айта бастады. Бұған ешкім дау айта алмасы хақ. Өйткені сол бөгде жақтан келген белгісіз ұшатын нысандар жұмыр жердің бетінде әр тұстан көзге түсіп қалып жүр. Тіпті олармен ашық қарым-қатынасқа түскендер де жетерлік. Ол жөнінде ашық та, құпия да нақты деректер жеткілікті. Шетсіз-шексіз ғарыштың бір қиырында тіршілік барын болжағанымызбен, олардың ниеті қандай екенін дәл басып айту қиын. Бәлкім достық, бәлкім қастық пиғылда… Бір қызығы, көктен келетін қатердің алдын алу жоспары сонау «қырғи-қабақ соғыс» кезінде – сексенінші жылдары да көтерілді. Адамзаттың ұясы жерді сырттан келетін қатерден қорғау үшін арнайы бағдарламалар қабылданып жатты. Әрине оның басында АҚШ және өзге де Батыс елдері тұрды. Бұдан КСРО да қалыс қалмаған. Қазір де бұл жобалар қаралып жатыр. Тіпті соңғы жылдары жедел қолға алына бастады. Неге? Ол айғайлап айтар жаңалық емес, жердегі тіршілік иелерін үрейге қалдырмас үшін құпия түрде жүзеге асырылып жатқан шаралар жеткілікті. Соның бірі – көктен төніп келген жатжұрттықтардың ғарыштық кемесін жерге жақындатпай жойып жіберу. Ол үшін ғарышқа лазер мен ядролық оқтұмсықпен жарақтанған жасанды жер серіктерін шығару. Неге екені қайдам, қазір осы мәселе Еуропа елдерінде өте өзекті тақырыпқа айналды. Жедел іс-шаралар жасала бастады. Бұған былтырдан бастап шұғыл түрде Ресей ғалымдары мен әскерилері қосылды. АҚШ жайлы айтудың қажеті шамалы. Ол ел бұрынан-ақ осы мәселені негізгі сала деп қарастырып, біршама қорғаныс шараларын жасап үлгергені белгілі. Ғылым мен техникасы ерекше дамыған алпауыт елдердің бұл дүрлігісіне жол болсын? Недей қауіп бар көкте? Әрине ғарыштан құлап түсер метеорид, астероид және кометалардан қорғау үшін өркениетті елдердің ғалымдары осындай сапырылысқа барар ма еді? Олардың жүрер тракторияларын апаратпен жерден қадағалап, қай астероид, комета қандай бағытта құлдилап келе жатқанын жер-жаһанға жария етіп отыр емес пе? Демек ғалымдар мен әскерилер көктен төнетін өзге бір қатерге дайындық жасау үстін де ме, қалай?

1962 жылы АҚШ, Ұлыбритания және КСРО қол қойған ғарышта ядролық сынақ жасамау жөніндегі шартты қайта қарау керек деген де пікірлер айтылып қалып жатыр. Өйткені көктен төнетін қатерді сол биікте талқандау үшін (ол мейлі, комета бола ма, қара ниетті жатжұрттықтардың кемесі бола ма, бәрі бір) арнайы жасалып, ядролық қару қондырылған жасанды жер серігін көкке көтеру мәселесі алға қойылуда. Егер де әлгіндей қауп-қатер байқалса, жерге жеткізбей мыңдаған шақырым биіктікте ядролық соққы беріп күйрету керек. Міне, бар мәселе осы.

Жер жатжұрттықтардың базасы ма?

Ұшатын белгісіз табақшаларды зертеушілерді соңғы кезде «олар қайда тоқтайды, аялдайтын мекендері қай өлкеде?» деген мәселе қызықтыра бастады. Өйткені ҰБТ-лар жөніндегі нақты деректер оларды осыған жетелеген. Көптеген адам ұшқыш табақшалардың белгілі бір жерге келіп қонатынын, сол жерден көкке көтеріліп кететінініне талай куә болған. Демек «жатжұрттықтардың әлемнің әр тұсында базасы бар» деген сөз. Енді нақты деректерге сүйенсек, жер бетінде бөгде планеталықтар тұрғызған 120 база бар көрінеді. Оның ішінде су астындағылары 40 пайыз екен. Яғни базалардың 49 –ы – Еуропада, Ресейде – 30 ал АҚШ-та 13 база бар. Бұлардың бәрі адам бара алмайтын қиын мекендерде яғни мұхит тереңінде, ми батпақты жерлерде, тау жартастарында, үңгірлерде. Осы саланы зерттеп жүрген уфологтар солай дейді. Әсіресе Ресейдің Байкал көлінің түбі көктен түскендердің «қонақ үйі» дейтін пікрлер көп. Тіпті көлге келіп сүңгіп кетіп, одан атылып шығып бара жатқан белгісіз ғарыш кемелерін түсірген таспалар жеткілікті секілді. Бірақ бәрі де қпия сақталып отыр. Жалпы мұхит астынан кенеттен пайда болып, орасан зор жылдамдықпен көзден ғайып болатын сүңгуір апараттар жөнінде әр елдің әскери теңіз күштерінде қызмет ететін теңізшілер жиі естелік жазады. Олардың келтірген дерегіне қарағанда «ол белгісіз апараттар қарсылас елдердің кемелерімен салыстыруға келмейді. Өйткені жер бетіндегі адамзат әзірге ондай жылдамдықпен жүзетін кеме жасауға әлі қол жеткізе қойған жоқ» деседі. Яғни ол көктен түскендердің зымыраны болғаны ғой. Осы саланы зерттеп жүрген ресейлік ғалым-академик В.Ажажа өткен жылы «Су астындағы ұшатын белгісіз нысандар» деген кітабын шығарды. Онда ол осы мәселені кеңінен зерттеп, әскери теңізшілердің айтқан естеліктерін толықтай берген. Мәселен, 1975 жылы Қырымда әскери оқу-жаттығу қимылдарын өткізіп жатқан Қара теңіз флотының кемелерінің бірі «жау кемесі» деп қолдан жасалған алыстағы макет кемені жою үшін торпедамен атқан. Кенет сол маңнан белгісіз су асты нысаны жылт етіп су бетіне шыққан көрінеді. Зымыраған торпеда әні-міне сол нысанды жарып жібіреді деп көз тіккен әскери теңізшілер күтпеген оқиғаның куәсі болған. Су бетінде зымырап бара жатқан торпеда белгісіз нысанға жетісімен күрт бағытын өзгертіп басқа жаққа лағып кеткен көрінеді. Осы тосын жайды тартып алмақ болған кеме каптитанының көмекшісі фотоапаратын сол жаққа бағыттап түсіре бергенде, ол жақтан жіңішке қызыл сәуле бағытталып, суретке тарпақ боп жатқан адам ес-түссіз палубаға құлап түскен. Осылайша аяқасты болған оқиға суртке түсірілмей қалған. Артынан белгісіз нысан суға сүңгіп көзден ғайып болған. Ал бұл жағдай сол кездің тәртібі бойынша өте құпия сақталған. 2003 жылы бұдан да зор оқиға Индонезия жағасында тіркелген. АҚШ сүңгуір қайығы су астында белгісіз нысанмен соқтығысып қалыпты. Оның да үлкендігі сүгуір қайықпен шамалас екен. Соқтығыстан кейін белгісіз нысан су түбіне кеткен. Кенеттен ондаған белгісіз нысандар пайда болып, соғылған кемені сүйреп алып кеткен. Ал АҚШ сүңгуір кемесінің жағдайы әлі күнге белгісіз. Әрине бұл көп мысалдың бірнешеуі ғана. Мұндай кездейсоқ кездесулер жөнінде кітапта жүздеген нақты дерек келтірілген. Демек академиктің зерттеуі бойынша суасты немесе, көкте ұшып жүрген белгісіз нысандар ешқандай ойдан шығарылған қиял-ғажайып әңгіме емес. Шындық. Кейбір деректер АҚШ-тың Невада штатында жатжұрттықтардың жерасты шаһары бар екені жайлы мысал келтіреді. 70 жылдардың соңында АҚШ арнаулы бөлімі сол жат жұрттықтардың базасын басып алуға тырысқан көрінеді. Бірақ операция сәтсіз аяқталыпты. Арнаулы бөлімнің 66 жауынгері жер құшқан. Кейбір куәгерлер ол жерасты қаласында өзге өркениет иелері ұрлап әкелген адамдарға түрлі зерттеулер-тәжірибелер жүргізетін көрінеді. Өйткені жыл сайын жоғалатын жүздеген мың адамның біразы сол жерден табылады екен. Тағы бір дерек, Нью-Мексика шөлінде жат жұрттықтардың колониялары бар дейді. Кім білсін? Әскерилер де бұл жөнінде бұлтартпас нақты деректерді алға тартуда… Бұл жерасты десек, кейбір куә болғандар «ұшатын қала» көргендерін айтады. Мұндай жағдайды әсіресе батыс жартышарда жиі байқауға болады екен. 1988 жылы Чили азаматтық ұшақтың ұшқыштары төменнен қаптаған қала оттарын көрген. Ал картада әлгі маңда ондай шаһардың бары көрсетілмеген. Кенеттен «отты қала» жерден көтеріліп, көкке ұша жөнелген. Ұшқыштар соқтығысып қалмас үшін амалсыз ұшақты өзге жаққа бұруға мәжбүр болыпты. 1996 жылы әлгіндей жағдай тағы қайталанған көрінеді. Бір қызығы, 1994 жылы көк төсіне тесіле қарап, әрбір жыбыр еткен ғарыш денесін суретке тартып тұрған «Хаббл» телескопы кеңістіктің алыс түкпірінде қозғалып бара жатқан алып ғарыш кемесін суретке тартқан. Түсірілген сурет НАСА сараптау орталығына берілді, ондағы ғалымдар белгісіз алып нысанның жұлдыздар арасында сапаралап жүрген жатжұрттықтардың кемесі екенін бір ауыздан мойындаған…

1995 жылы телескоп алып ғарыш кемесін суртке түсірген. Оның үлкендігі 400 шақырым болатын көрінеді. Осыдан-ақ бөгде планеталықтардың алға тым дамып кеткенін байқауға болады. Жақында бөгде планеталардан саналы тіршілік иесін іздеумен айналысып жүрген АҚШ-тың Search for Extraterrestrial Intelligence ұйымы сенсациялық мәлімдеме жасады. «Жерге қарай жұрттықтардың өте ірі жат үш ғарыш кемесі ұшып келе жатыр. Бірінің үлкендігі шамамен 240 шақырым. Қалған екеуі бұған қарағанда шағын. Екеуі табақша секілді дөңгелек болса, бірі цилиндрге ұқсас, сопақ. Бұл кемелер Күн жүйесінің шетіне жақындағанда анықталды. Қазір жерге қарай жылжып келе жатқан ғарыш кемелері Плутон планетасының маңайында. Жерге қарай өте тез жылдамдықпен келе жатқан бұлар бізге жасылық әкеле ме, әлде?» деседі ғарышқа көз тігіп отырған ғалымдар. Бұл жөнінде АҚШ үкіметіне де хабарланған көрінеді. Әлгі кемелерді Аляскада орналасқан ғарышты зерттейтін құрылғылар байқап қалса керек-ті. Бөгде жұрттықтардың алып кемелері құдай қаласа, 2012 жылдың желтоқсан айында жерге жетпекші.Ары қарай не болады, бір құдайға аян. Бәлкім Ресей, АҚШ және Еуропа елдері көктен келетін қатерге қарсы шара қолдануды жедел қолға алуының астарында осы бір мәселе жатпасына кім кепілдік береді?

Нұрсұлу Мырзабекова