Алматыда жезөкше қыздар сайт арқылы клиент іздеуге көшті

232

«Друг Вокруг» сайты жезөкшелер туралы жарнама берген, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен түні криминалдық полиция қызметкерлері «Друг Вокруг» сайты арқылы жыныстық қызметтер көрсетумен айналысқан жезөкшелерді ұстаған притондарды анықтады.

– Жеңіл жүрісті қыздар өз клиенттеріне жалдамалы пәтерлерде ақылы жыныстық қызметтер көрсеткен. Өткен түнде полиция қызметкерлері осындай үш притонды анықтап, оның біреуінде Өзбекстан елінің 31 жастағы азаматшасы қызмет көрсеткені белгілі болды. Ал пәтер қожайындары жезөкшелерге мүмкіндік жасағандары үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар тұрғын үй пәтерлерінің бірінде массаж салонының атын жамылып, жезөкшелікпен айналысуға мүмкіндік жасаған екі пәтер әшкереленді. Аталған пәтерлерден бес жеңіл жүрісті қыз бен бір әкімші ұсталды», – деп атап көрсетті Алматы қаласы ПД КПБ бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ рейд барысында анықталған барлық жезөкшелер Полиция басқармасына жеткізіліп, осы жерде ұйымдастырылған мобильдік медициналық зертханада ЖИТС-қа талдау жүргізу үшін қан тапсырды.