Димаш Пугачеваның атақты әнін шырқап, елді жылатты

122

Димаш Құдайбергеннің ән шырқаған видеосы желіде пайда болды.

Ресей примадоннасы Алла Пугачеваның мерекелік кешінде сахнаға қазақ әншісі Димаш Құдайберген шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Пугачеваның 1994 жылы шыққан «Любовь, похожая на сон» әнін орындады. Аккомпанемент жасаушысы – Игорь Крутой.

Концерт «Подарок для Аллы» деп аталды, ол әншінің 70 жылдығына орайластырылған болатын. Примадоннаның туған күні – 15 сәуір.