Қытайлық шенеуніктің үйінен 13,5 тонна алтын табылған

197

Қытай полициясы Ганьчжоу қаласының бұрынғы мэрі Чжан Цидің үйін тінту барысында 13,5 тонна құйылған алтын табылған, – деп хабарлайды жергілікті powerapple басылымы. 

Сонымен қатар, бейресм деректер бойынша, 57 жастағы экс-қала басшысының үйінің жертөлесінде қомақты қаражат табылған. Сондай-ақ, ол бірнеше мың шаршы метр жылжымайтын мүліктерінде жасырғаны белгілі болды.  БАҚ мәліметінше, полиция ақша, алтын, өнер туындылары мен антиквариаттарды бірнеше әскери көлікпен шығарған.  Ер адам өлім жазасына кесілуі мүмкін.