Алтын орданың мұрагері кім?

2592

«Золотую историю имеют только сильные народы, а не слабые».

Английская пословица

Дешті Қыпшақ даласынан қалың әскермен 1232 жылы жорыққа аттанған Батыл (Батый), алдыменен көне Русьтің жолындағы Ұлы Булгар хандығына   («… они вполне заслуживают названия Волжской Атлантиды» из книги Г.Халила «Куда исчезла Волжская Болгария?») соққы береді.

Енді сәл шегініс жасап, көне Булгар мен осы күнгі татарлардың арасындағы байланысты айта кетейік:

Қазіргі уақыттағы татарлар, ерте заманнан осы аймақта өсіп-өніп, тіршілік етіп келе жатқан кезіндегі Ұлы Булгар мемлекетінің тұрғындары. Ең алғаш бұл қағанаттың негізін қалап, ұзақ жылдар хандық құрған Құбырат (Кубрат) хан болатын. Осы күнгі Татарстан бұл ханды біздің мемлекетіміздің алғашқы іргесін көтеруші, Кама жағалауын қоныс еткен булгар жұртының (қазіргі татарлардың) ұлы тұлғасы деп біледі. Сол Булгария өз уақытында қазіргі Украина мен, Солтүстік Кавказдың да аумағын алып жатқан. Кейін дүниеден өткен соң Ұлы ханның екі ұлы таққа таласып, сыйыса алмай, өздеріне тиесілі ел-жұртты алып, екіге айырылады. Іргесіндегі тынымсыз Хазар тайпаларынан (Каспий жағалауының қыпшақтары) әрдайым соққы көріп және інісінің жауласуынан құса болған хан Аспарух (үлкені) елін алып алыс сапарға жол тартады. Сөйтіп, Кавказ тауларын кесіп өтіп, Балкан түбегінен бірақ шығады. Осы жаңа қонысқа тоқтап, Булгария мемлекетінің негізін салады (осы күнгі Болгария). Ал інісі ата-қонысында қалып, өзінің иелігіндегі қалған елді біріктіріп, Кама Болгариясы мемлекетін құрады. Яғни қазіргі татар тарихшыларының жазатын Булгариясы (олар «О» -ның орнына «У» әрпін қолданады). Бұл хандықтың астанасы қазіргі осы татар еліндегі Булгар қаласы болған.

Міне, осы Булгар қаласы және осы аттас мемлекет 1396 жылы Ұлы даладан бері шыққан Батыл армиясының соққысынан тасталқаны шығып қирайды және кейіннен құрылған Алтын Орда империясының құрамына жауланып алынған ел ретінде кіреді. Бірнеше ғасыр өткен соң Булгар хандығы әупірімдеп қалпына келіп (орданың құрамында болсада), астанасы болып Қазан қаласы белгіленеді. Дегенмен бұл Қазан қаласы да, ұзақ уақыт «Болгар – аль – Джадил»  деп аталады. Нақтырақ айтсақ, мағынасы  «Жаңа Булгар».

Кама өзеніне жақын орналасқан кішігірім қала үшін, далалық қыпшақ әскерлері мен Булгарлардың арасындағы шайқаста, Батыл өзінің  сарбаздарының біразын жоғалтады (потерял около 15 тысяч войнов). Сондай-ақ, сардардың өзі белінен ауыр жараланады. Осы қала кейіннен Бугульма деп аталады. «Именно в память об этой войне, крепость, около которой шла битва, названа Бугульма». Бұл сөзгеқазақша мән бергенде «Бүгіле алмай қалған», – деген мағынаны  білдіреді. «Раненный Батый действительно не мог согнуться…».

      Сол кездегіЕділ булгарларының орталығы, қазіргі Қазан қаласынан 130 шақырымдай жерде орналасқан Булгар қаласы болып саналды. Өзінің  орналасуы жағынан Булгар шаһары Х ғасырдың өзінде-ақ, Еділ мен Кама өзендерінің бойындағы аса ірі сауда орталығы болып табылды. Арғы жағындағы славян жұрты бұлардан бал, нан, былғарыдан жасалған түрлі киім үлгілерін сатып алып отырды. Сонымен қатар осы Булгар мемлекетінде – қара және түрлі түсті металлургия, темір және болат қорыту, алтын мен  күміс әшекейлерін жасау, былғары өңдеу кәсіпорындары, ағаштан жиһаздар құрастыру жұмыстары жоғары деңгейде дамыған болатын. «… Булгария была не степным качевьем, а «страной тысячи городов», как ее называли иностранные купцы». «… Волжские булгары, факт исторический, первыми в Европе стали выплавлять чугун. Именно в Булгарии русские князья в неурожайные годы закупали зерно», – дейді өзінің жазбаларында араб ғалымы және саяхатшысы Ахмед  Ибн-Фадлан.  Записки «Путешествие Ахмеда  Ибн-Фадлана на Волгу».

    Тіпті1552 жылы Иван Грозный Қазан қаласын жаулап алған кезде де, қазіргі Еділ және Камалық татарлар Булгар жұрты деп аталатын. Оны осы тақырыпта сөз қозғаған кітаптың мына жолдарынан да аңғаруға болады: «… После завоевания Казани Иван Грозный присоединил к длинному списку своих титулов еще и «князь Болгарский»не «татарский», а именно что болгарский» А.Бушков «Чингис хан, неизвестная Азия».

    Дегенмеy осы Булгарлар (қазіргі татарлар) дегеніміз кімдер? Сондай-ақ, олардың ата-тегінің таралуы қайдан басталады?

«… Что до происхождения булгар, то лучше всего на этот вопрос ответили они сами: когда арабский ученый Димашки встретил в Багдаде идущих в Мекку булгарских паломников и поинтересовался их родословной, они ответили: «Мы булгары, а булгары – смесь турок со славянами»(под «турками» в те времена понимались не нынешние турки, а разнообразные кипчакские народы из Великой Степи  Г.Халил. 

Осыған қарап, қазіргі Еділ мен Кама аймағындағы ағайын татар жұртының шығу тегін аңғаруға болады. Олар – бірнеше ғасырлар бойы далалық көшпелі қыпшақтар мен славян жұртының араласуынан (нақтырақ айтқанда, қыз беріп, қыз алысудан) пайда болған ұлыс секілді. Алдыңғы деректерге қарап, осылай жазғанымызды айып етпесін! Бірақ қалай десекте, сол отырықшы  Булгар елі мұсылман дінін 922 жылы қабылдаған. Ағымдағы жылы олар, осы мұсылман дініне кіруінің 1100 жылдығын халықаралық деңгейде атап өтпекші. Бұл да, айналасындағы өзге елдерге қарағанда (Ресейдің құрамында болса да) үлкен жетістік және үлгі-өнеге деп айтуға тұрарлық.

Кезінде Булгар патшасы, Суздаль князі Андрей Боголюбскийге (еліне жорық жасап, тиісе берген соң) олармен ара-қатынасты түзеу ушін, өзінің  Арбат және Азна атты екі ұлын аманатқа береді. Кейін үлкен баласы Арбат орыс елінде өсіп-жетіліп, сол уақыттағы кішігірім Мәскеу қамалына әскери басшылық дәрежесіне көтеріледі. Біраз жылдар осы қамал-қалашықтағы әскерге жетекшілік етеді. Қазіргі орыс астанасындағы Арбат атауы содан қалған.

1237 жылы Дешті Қыпшақ даласындағы Үкітай (Угедей)  ханның жарлығымен, әскер қолбасшысы Батыл орыс елі мен Кәрі құрлыққа өзінің атақты жорығын бастайды. Ал бұл жорыққа қалың қыпшақ әскері, алғашқы  болып жаулап алынған осы Булгар елінің аумағынан аттанады. Қазіргі  күндері, татар елінің Алтын Орда империясын біздің ұлтымыз  ұйымдастырып, қалыптастырды дейтіні содан. Алтын Орданың  астанасы Булгар қаласы деп есептейді (Сарайшық емес). Олар – Алтын Орда империясының 750 жылдығын мерейтой ретінде халықаралық дәрежеде дүркіретіп атап өтті. Сонымен қатар Татарстан әр екі жыл сайын осы Ұлы қағанаттың құрылған күнін жоғары дәрежеде атап өтуде.

Татарстанның бұрынғы президенті Міртемір Шаймиев, сонау 2003 жылы  өз елінде Алтын Орда тарихын түбегейлі зерттеу үшін, арнайы ғылыми-зерттеу орталығын  ашып, қазірде татарлар, біраз томға жеткен ғылыми еңбектерді басып шығарды. Драматургтері Алтын Орда империясы тарихын өзек еткен бірнеше драмалық дүниелерді жарыққа әкелсе, жазушылары арнайы осы тақырыпта шығармаларын жазып, оқырмандарына ұсынуда.  Сондай-ақ, осыдан біраз жылдар бұрын, олар – оқу-ағарту мектептеріне арнайы оқулық ретінде кіргізіп, қазіргі күндері татар бүлдіршіндері мен жастары, сонымен қатар зиялы қауым өкілдері, Ұлы империяның иесі біз және оны біздің ата-бабаларымыз орнатқан құрлық аралық алып мемлекет деп мақтанышпен жазып та, айтып та келеді. Бұл ретте татар жұрты, қасымыздағы өзбектер секілді (Әмір Темірді иеленген), қазақ елінен озып тұр. Татар елінің ақпарат жүйесіне үңіліп, баспасөз шығарылымдарын оқып отырсаң,  татарлар, Алтын Орда империясына арнайы мұражай ашып және келіп-кетіп жатқан туристерге мақтанышпен көрсетуде және алдағы уақытта Қазан қаласында Алтын Ордаға арнап ескерткіш ашуды қамдастырып жатыр. Ал бізде «Баяғы жартас, сол жартас», өткен жылы Алтын Орда тақырыбына бір конференция өткізіп, ауыздарын буған өгіздей, үн-түнсіз қалды. Тіпті осы империяның атына бір ауданның, немесе қаланың атын беруге болар еді ғой! (мүмкін  Жезқазғанды).  Қалай айтсақта, бұрынғы және қазіргі қазақ билігінің, Ресейге және Путинге жалтақтайтындығы, нақтырақ айтсақ, қатты сескенетіндігі көрініп тұрады. Сондай-ақ үрейге беріліп, артық ештеңе істей алмайтындығын да байқайсың. Тіпті қоныстас өзбектерден де, мешеу қалған моңғолдардан өзінің алтын тарихын қайтара алмайтындығын, қаймығатындығын аңғарамыз. Бұл мемлекет атына мүлде жараспайды. Және біздің зиялы қауым өкілдерінің де (кейбірі ғана болмаса) көп нәрсеге сауаты жетпейтіндігін ұғынасың (айып етпесін).

Жоғарыда біз ағылшын мақалын мысалға келтірдік. Оның  мағынасы, алтын тарихты қашанда – құдыретті, күш-қайраты орасан зор, жаужүрек, үрейге берілмейтін халықтар ғана жасай алады, дегені ғой. Айналадағы елдерге жем болып, ата-бабасының бүкіл алтын  тарихынан айырылған біз сонда қандай ұлтпыз?!

Қос империяның соғысы

Өз уақытында Алтын Орда империясының аумағы, кәрі құрлықтың (Еуропа) Шығыс бөлігі және Азияның біраз жартысы, яғни айтқанда, Қара теңізден бастап, ежелден суы мол және жалпақ өзен Ертістің шалғынды алқабтарына дейін созылды. Орта Азиялық Әмір Темір жетекшілік еткен империя, Кіші Азиядағы, кезінде Дешті Қыпшақ даласынан барған Шыңғыс ханның немересі  Құбағұл құрған империяны өзінің қарамағына алған соң, Еуразия кеңістігіндегі алпауыт Алтын Орда қағанатымен күші тепе-тең болған еді. Тағы бір айтарымыз, 1385 жылы Тоқтамыс хан Каспий теңізінің оңтүстік бөлігіне жорық жасап, сол кезде гүлденген Табриз аумағын талқандап, Ахмет Жалайыр сұлтанның билігіндегі ұлысқа кіретін Әзірбайжан жерін өзінің құрамына қосып алды. Сөйтіп, Алтын Орда қағанаты күшейген үстіне күшейіп, алынбайтын қамалға айналғандай болды.Тоқтамыстың тұсындағы Алтын Орданың айтарлықтай жан-жақты күшейуі, Әмір Темір үшін қауіпті еді. Дамыған көптеген қалалық орталықтарды және диқандар маңдай терін төгіп еңбек еткен жазиралы егіс алқабтарын, сондайөақ, ұлан-байтақ даладағы мал баққан көшпелі тайпаларды біріктіріп, уысында ұстаған Алтын Орда империясы, Азияның барлық мұсылман елдерін өзіне қаратқан, түп қазығы Мавераннахр атырабына орналасқан Әмір Темір мемлекетіне, оның алдағы шарықтап дамуына және көркейуіне шынымен де қауіп төндірген еді. Екі империяның арасындағы алғашқы қақтығыс 1387 жылдың көктемінде Кавказдағы Дербент өткелінің маңайында орын алды.  Темірланның келісімге жіберген кішігірім отрядына Алтын Орда тарапынан күтпеген жерден шабуыл жасалып, талқандала жаздады. Егер, Әмір армиясы қолбасшыларының бірі – Мираншах үлкен әскермен жедел келмегенде, қырғын табары анық еді. Дегенмен кішігірім бұл қақтығыс, екі ұлы империяның арасында араздық туғызып, соғыс өртін тұтататындай жағдайға әкелмеді. Сөйтіп, араға біраз жылдарға созылған тыныштық орнады. Кезінде Ақ Орданың ханы орыстың жазасынан қашып келіп, Темірланды паналаған Тоқтамыс, кейіннен оның жәрдемімен Ақ Орданың тағына отырады. Сөйтіп, Алтын Орданың сол тұстағы иесі атанған және осы ұлы қағанаттың әскер қолбасшысы Мамаймен бірнеше жыл қатарынан соғысады. Бірақ үлкен нәтижеге жете алмады. Қалай дегенмен де, тағдыр Тоқтамысқа жол ашқандай болды. 1380 жылы Алтын Орданың Күлік алқабындағы (Куликово поле) жеңілісін пайдаланып, уақыт өткізбей Тоқтамыс хан Мамайға оңтүстіктен ұрыс ашып, оның армиясын түбегейлі талқандайды. Осылайша, Еуразиялық империя Алтын Орданың тағына әупірімдеп қол жеткізеді.

Өз уақытында көмегін беріп және біраз жылдар қасына ертіп жүріп, қарамағына әскер бөліп, Мавераннахр мен Ақ Орданың шекаралық аймағындағы Отырар мен Сығанақ қаласын, сондай-ақ оның маңайын иелігіне ұсынып, асырап-сақтаған Әмір Темірге және оның құрған мемлекетіне уақыт өте келе жаулықпен қарай бастады. Арадағы осы біраз жылғы тыныштықты, алғашқы болып Тоқтамыс ханның өзі ысырып тастады. Оның ауық-ауық жіберген отрядтарының Әмір Темір мемлекетінің шекарасына ішкерлей еніп, шеткі қалалары мен елді мекендерін тонап, адамдарын құлдыққа айдап кетіп отырды.

Бұған шыдамаған Әмір Темір, 1391 жылдың (қой жылы) қаңтар айының аяғына таман, екі жүз мыңдық қалың әскерімен Алтын Орда ұлысына қарай бағыт алды. Жолда Бетпақ даланы және Сарысу атырабын басып өтіп, Сарыарқа даласымен тоқтамай жүріп отырып, қар мен жаңбырға қарамай, үш ай дегенде Ертіске құятын Тобыл өзенінің жағасына жетті. Осы арада, біраз күнге әскеріне дамыл беріп, демалуына рұқсат етті. Қалай десекте, алыс сапарға шыққан олар, ауа-райының өзгере бастағанын сезінген еді. Араб саяхатшысы Ибн Баттутаның сөзімен айтқанда: «… Они приближались к «Стране мрака» (Сибири)». Бүкіл жорық жолында ешкімді кездестірмеген Әмір Темір армиясы, үнемі алдарында жүретін барлаушыларының ұстап әкелген тұтқындарының айтуы бойынша, Тоқтамыс әскерінің өздерінен алыс емес екендігін  ұғадыҰзамай екі империяның қалың сарбаздары қарама-қарсы келді. Бұл ғаламат майданды араб саяхатшысы Ибн Баттута өзінің жазбаларында былай сипаттайды: «… армии бросились друг на друга и шкура людей ощетинилась, покрытая оперением стрел и брови вождей и головы военачальников согнулись в увлечении войной и кинулись вперед и пыль была густой и стала черной, и вожди и простые солдаты одинаково погрузились в море крови…» КезіндеШыңғыс хан армиясы мұхиттай керілген Қытайды бағындырғанда немесе Алтын Орда қағанаты Поволжьелік  Булгар мен Кавказды, Русь пен Шығыс Еуропаны жаулағанда, дәп осындай ат үстіндегі қалың әскер қатысқан, кескілескен қан-қасап соғыс бола қоймаған шығар. Қос империяның билікке тайталасқан және екі жақтың орасан зор күшпен қақтығысын, сол заманның жылнамашылары, саяхатшылары, сонымен қатар осы тақырыпта қалам тартқан әлем ғалымдары мен жазушылары кереметтей қылып суреттейді.Болып өткен соғыс Еділ өзенінің шығыс жағындағы Құндұз аймағында (Между Самарой и Чистополем) орын алды. Әмір Темір бұл соғыста әскерінің көпшілігін жоғалтқанымен, жорық жолдарында жинаған тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында әупірімдеп әрең жеңіске жетті. Тоқтамыс хан Алтын Орда әскерінің аман қалғандарын жеделдете жинап, кері шегініп кетті. Орта Азиялық барыстың қарамағына қарсы жақтың сансыз тұтқындары мен олардың әйел, балалары өтіп және Мавераннахр билеушісі үлкен әскери  олжаға ие болды.

   « По видимому Тимур скорее стремился разрушить мощь Золотой Орды, чем организовать свои владения из этого государства. Он отдал территорию кипчаков в ленное владение принцев чингизского рода, которые, будучи врагами Токтамыса, вели постоянную борьбу с ним: Идеге (Едіге), Кутлук – оглану (внук Урусхана из Белой Орды) и Кунче – оглану. Этих принцев отправили с ярлыками, даровавшими им огромные привилегии в ответ на их покорность, с приказами собрать их подданных и привести обратно к Тимуру», – дейді Хилда Хукхэм өзінің ғылыми еңбегінде. Дегенмен Алтын Орда империясы бұл жеңілісіне қарамай, әліде біраз жылдар Русь пен кәрі құрлықтың шығыс бөлігін уақытша болса да  ұстап тұрды.

Алтын Ордамен арадағы болған соғыстағы ірі жеңіс, Әмір Темірдің  жиырма жылдық жорығындағы ең маңызды және түбегейлі жеңістерінің бірі деуге болады.

Бейсенғазы Ұлықбек