Әнім сен едің…

724

Соңғы кезде көкейімде сартап болып жатқан осы бір жайды қағаз бетіне түсіруге мына жағдай себепші болды. Студенттік жылдардан бері жақсы араласып, жігі ажырамас дос болып кеткен біздер, яғни Нұртаза, Нұржан үшеуіміз бірде қайсы біріміздің үйімізде бас қосып, дастарханда отыра калдық. Ас үстінде коньяк пен арақтан біраз тартып алған соң, әңгіме қызып жүре берді. Әйелдердің өз әңгімесі өзінде, еркектер жағы бүгінгі елдегі саясатты айтьп айналып келіп, қыз-келіншектерге тоқтағанбыз. Сәл ішкен еркек міндетті түрде әйелдер жайлы бір сөз айтпай қалмайтыны белгілі ғой. Иә, содан: – былтыр жиырма жылдық кластатстардың кездесуіне барғанда, мектеп қабырғасында жүрген қызды кездестірдім. Ол алғашқы махаббатым ғой. Әлі күйеуге тимепті. Ауыл тірлігі ауыр ғой, картайып, бетіне әжімдер түсіпті. Тек көздері… Баяғы… баяғыша мөлдіреп гүр. Кездесу бойы, ертіп барған ұлым Шыңғысымды жетелеп жүрді. Бірде оңаша қалған кезде: – Мен сені әлі сүйемін деді. Осы уақытқа дейін күттім. Әлі де күтемін – деп қүшақгады, жылады. Мен не дейін: калған өміріңді қор етпе, түрмысқа шық, бакытты бол дедім. Неге екен, жандүнием езіліп кеткендей болды, жылағым келді. Жақында ауыл жақтан хабар алдым. Сол қыз үлкендеу бір кісіге тұрмысқа шығыпты – деді Нүржан сонау өткен күндерін, пәк махаббатын сағына еске алып. ..

Әлі есімде деді Нүртаза. – Маған ең алғаш бір қыз хат жазып, қалтама салып кетіпті. Кызыл плащ киіп жүруші еді. Сол қыз казір кайда екен? Кезек маған келгенде:

Алғашқы махаббат менде де болған. Бір көрініп жоқ болған сол бір бейтаныс қызды бір рет көрсем деп осы уақыткд дейін іздеп келіп едім. Жақында таптым дедім күрсіп.

Қалай таптың – десті олар.

Өзін емес, моласын. Тағдыр бізге тірідей кездесуді жазбапты. Дүрысы мен басымнан өткен осы бір оқиғаны қағаз бетіне түсірейін, оқып аларсындар дедім.

Иә, төменде баяндалар оқиға осы отырыстан кейін қағаз бетіне еш боямасыз түскен еді.

 

ОЙДА ЖОҚТА ҰШЫРАСКАН

КЕЛІНШЕК

Алматыдан Өскеменге қатынайтын пойызға отырған мен, кішкене сөмкемді купеге қалдырып, пойыз жүргенше сыртқа темекі тартуға шықтым.

Перонда жолаушылар өте.көп емес.Темекімді түтатып өз вагонымның алдында теңселіп жүре бастадым. Алматыдан шығатын бір іргелі газеттің тілшісімін. Өскеменге іссапармен кетіп барамын. Дүңгіршектен су-сын алып бұрыла беріп едім, өзім отырған вагонға қапсағай денелі екі ірі жігітпен бірге үлбіреген әдемі бір келіншектің кіріп бара жатқанын байқап қалдым. Еркекпіз ғой, енді, келіншекті басынан-аяғына дейін көзбен «шешіндіріп» шықтым. Шығыңқы төсімен, жұп-жұмыр бөксесі еркектің дегбірін алғандай екен.

Алматы-2-ден қозғалған пойыз Алматы-1-ге сәл аялдап алып, шығыс қайдасың деп салып ұрып жөнелген. Купеде өзіммен бірге бір кемпір және  оның  екі немересі бар. Шамасы, көрші купеде тағы да жолаушылап келе жатқан туғандары бар-ау, кіргеннен сонда жиналып алып шәй ішіп, әңгімені жіберіп отыр. Қашан да пойызда жүрсем, жатқаннан гөрі терезеден сыртқа көз тастап, ойға батканды жақсы көруші ем. Бұл жолы да сол, купе ыссы болған соң, шағын коридорына шығып, терезеден сыртқа көз тастадым. Пойыз бір қалыпты жүрісінен жаңылыспай, салып ұрып келеді. Артта көкмұнарға оранған Алматы қалып барады.

Мамыр айының бас кезі. Жер дүние көгеріп, масаттанып жатыр.

Айналама қарағанмын, терезеден сыртқа көз салып тағы біраз адамдар түр. Есіме әлгіндегі әдемі келіншекті ала бергенім сол еді, көрші купенің есігі ақырын ашылып, әлгі сұлу шыға келмесі бар ма? Шықты да терезенің жақтаушасынан ұстап, сыртқа ол да көз тастады. Өте келісті екен. «Мұндай аруды қойнына алып жатқан еркек қандай бақытты». Көкейімді бір қызғаныш сезім осып өткендей болды. «Әлгі екеуінің біреуінің қатыны ма екен?» Бірақ жұтынып түрған әдемі келіншекті оларға қимадым. Басымды бұрып, әр жақта тұрған адамдарға қараған болып, қол созым жерде тұрған келіншекке тіктей қарадым. Менің тесіле қарағанымды сезді ме, ол да маған тіке қарады. Көзіміз түйісіп қал-ды.

Баяғы ынжықтау, ездеу әдетіме салып жанарымды тайдырып әкеттім. Өз-өзімнен ыңғайсызданып, сыртқа көз тастап, қолымдағы үнемі тастамай қайта-қайта оқып жүретін Мұқағалидың жыр жинағын парақтаған болдым. Бірақ, әлгі келіншектің мөп-мөлдір кіршіксіз жанарынан әлде бір мұнды байқап калғандай едім. Өйткені, қалай десең де, аздап өзім де өлең жазып, калам ұстап жүргең соң, адамның жай-күйін, жан-дүниесін тез-ақ түсінуге бейім едім.

Алғашқы болып ол тіл қатты.

– Оқып болған соң, кітабыңызды бір шолып шыққанға бересіз бе?

– Әрине, әрине, тіпті қазір алыңыз. Мен мұны мың рет оқыған шығармын. Керемт ақын ғой, өзің де өленді жақсы көретін шығарсың – деп елп ете түстім.

Іштей қыздың алғашқы болып тіл қатқанынан риза болдым, тіпті дәмеленіп калғандай да едім.

– Мұкағали ұлы ақын ғой, оған дау жоқ – келіншек берген кітапшаны парақтай бергені сол еді, ол шыққан купеден:

– Ей, қыз, тағы да қай еркекті есек дәмелендіріп тұрсың. Кір ішке, шәй әзірле, қарнымыз ашты – деген еркектің гүр еткен, өте жағымсыз дауысы естілді.

Келіншек дауыс шығара бір күрсінді де:

– Кітапты жайырақ қайырармын – деп ішке енді.

Тосын дауыстан әрі-сәрі күйде тұрып қалған мен, купедегі темекімді алып тамбурға беттедім. «Апырай, әп-әдемі мінезді келіншек, мұндай еркекті қайдан тауып алған. Тіпті бір-біріне үйлеспейді-ау, үйлеспейді».

Темекі тартқан құрлы болмай, купеме оралдым.

– Кел әй, бала, кел, шәй іш – деп жанындағы купелес кемпір шәйға шақырды. Бармасқа болмады.

Әжік-күжік өңгіме айтып, бірер кесе шәй ішкен болдым. Өздері Жарманың қазақтары екен. Алматыдағы ұлы мен келінінің үйіне барып қайтып, келе жатқан беттері.

Екі көзім купенің жартылай ашылған есігінде. Өйткені әлгіндегі бейтаныс әдемі келіншек шәйға деп вагон жолсерігінен ыстық су тасып жүріп, біздің купеге әдейілеп үңіле қарап өткендей болған. Араға бір қыдыру уақыт салып, тамбурға темекі тартуға шықтым. Әрине, тамбурға беттеп бара жатып, көрші купеге мен де үңіле кеткенмін. Әлгіндегі көзіме суық көрінген екі жігіт купенің орындарына жайғасыпты.

Бірі ұйықтап, бірі газет қарап жатыр. Төменгі екі орында егделеу келген әйел мен әлгі келіншек жайғасқан көрінеді. Егделеу әйелдің бұларға еш қатысы жоқ, өз алдына жеке жолаушы екені көрініп түр. Бейтаныс келіншек купедегі ас ішер кішкентай үстелге бір қолын қойып, бір қолымен жағына сүйене далаға қарап ойлана қалыпты. Алдында мана мен берген Мұқағалидың өлең кітабы ашық жатыр. Жартылай ашылған купенің есігінің алдынан өте беріп, әдейі өтірік жөткірінген болдым. Келіншек жалт қараған. Мен байқамаған болып өте шықтым. Тамбурда ешкім жоқ. Темекімді жайлап тұтатып терезеден сыртқа көз тастадым. Қапшағайдың жасанды көлінің үстінен өтіп барамыз. Жарықтық, Қапшағай көкпеңбек болып шалқып жатыр. Суға қарап ойланып қалғандай едім, тамбурдың есігі тарс ашылып, өлгі әдемі келіншек шықты. Әлгіндегі джинси шалбары мен кофтасын шешіп, жеңіл гүлді халат киген екен. Онысы тізесіне жетпейтін шолақтау. Аяқтары оқтаудай аппак, екен, көзді ала қашты. Жанындағы екі еркектің бірінің әйелі ғой деп, ойлағаннан «келіншек» деп отырмын, өйтпесе он сегіздегі қызға бергісіз дене бітімі. Уыздай жас. Әрі кетсе жасы 25-26-ларда-ау деп жобаладым.

– Аға, темекіңіз бар ма? – Ол тағы бірінші тіл қатты.

Бір тал темекі ұсынып тұтандырдым. Не дерімді білмей састым. Аузыма жөпелдемеде сөз де түспеді. Ақыры:

– Қай жаққа бет алдыңдар? – дедім.

– Үржарға – қыз сәл мүңайғандай болды.

– Ә-ә, – дедім. «Жерлес екенбіз» дей жаздап, өзімді тоқтаттым.

– Өзіңіз ше? – Келіншек темекі түтінін будақтата шығарып, сұраулы жүзбен қарады. Темекіні бұрыннан тартатыны көрініп тұр, әрі өзіне әдемі-ақ жарасады екен. Дегенмен оның темекі тартқанын рас, алғашында ұнатпай қалдым.

– Өскемен жаққа – дей салдым. «Мен де сол Үржардың маңайыннанмын» дегенді неге екені қайдам әу дегенде айтқым келмеді.

– Темекі тартқанымды айыпқа бұйырмаңыз, өмір бәрін үйретеді екен. – Келіншек сыртқа қарап жеңілдеу күрсінгендей болды.

– Жоқ-а-а, қайта жақсы жарасады екен, мен де бірер шөлмек сыра бар еді, бәлкім, содан ұрттай отырып, кеңірек танысып, әңгіме айтармыз. – Келіншекке барлай қарадым.

Неге екенін қайдам, онымен кеңірек танысқым келді. Өйткені жол ұзақ, ермек те керек. Әрі өзі алдымен тіл қатты, әңгімеге шақырды. Демек, мен де оған аз да болса ұнаған болуым керек. Оның үстіне еркекпіз, жігітшілік тағы бар. Келіншек өзі сүйкеніп тұрса, кеудесінен итеруге тағы болмайды дегендей…

Кенет тамбурдың есігі сарт ашылды да манағы екі жігіттің бірінің басы қылтиды. Келіншектің жалғыз емес, менімен тұрғанын көріп, көзін алайта:

– Мында екесің ғой – деп гүр етті. – Ішке бар дем ал, басқа-басқа менің көзімше ауылдағы байыңды изменит етпе – деп кекете мырс етті.

Келіншек те оған жақтырмай қарады, сосын маған:

– Жарайды аға, іште болсаңыз біраздан кейін соғамын – деп тамбурдан шығып кетті.

Ол көп күттірген жоқ, купенің есігін тықылдатып кіріп келді. Жанымдағы купелес кемпір мен немерелері көрші купедегі өз туғандарының жанында еді.

– Кел, кір, кір – деп бәйек болдым. Мана вокзалдан ала шыққан бірер шөлмек сыраны аштым.

– Біраз сөйлессек те, әлі аты-жөнімізді сұраспаппыз ғой, есімім Серік, мамандығым журналист, Өскеменге іссапармен кетіп бара жатырмын. Айтпақшы, әрі жерлес екенбіз. Менде сол Үржардың маңайынан сәл ары Еліктай деген ауылданмын. КазГУ-ды бітірген соң Алматыда қалдық қой, – дедім барымды алдына ақтарып салып.

– Журналистпін дейсіз бе? – Ойланыңқырай тіл қатты, тесіле қарады. Сәлден кейін барып: – Менің есімім Ақшарқат – деді. Сыраны сыздықтата жұтып, оны-мұны айтып біраз отырдық. Жанындағы екі жігіттің кім екенін, сұрағым-ақ келген, бірақ Ақшарқат олар жайлы сөз қозғамаған соң менде үндемедім.

– Ертең азанда Аякөзде боламыз. Неге екен, Аякөз деген ат маған өте жылы, өте ыстық естіледі. Өйткені ең алғаш жақсы көрген қызым сол жерден еді. Амал қанша арада міне, жиырма жылдан астам уақыт өтседе қайтып кездеспедік. Оның бейнесі санамда өмір сүріп келеді. Рас кейде бір-ак сәтке кездессем, иә болмаса сырттай көрсем деймін – деп өткен күндерді сағына еске алдым.

– Қызық еді-ау сол сәттер, тым қысқа кездесудің өзі адамға тым ұзақ сағыныш қимас сезім тастап кететін кездері болады екен… Осыны айтқан кездерде ол маған тесіле ұзақ қарады. Менің жүзімнен әлдебір жұмбақты оқығысы келетіндей, әлде бір нәрсені сұрағысы келетіндей.

– Иә, айтыңызшы, уақыт өтсін, әлгі қыз алғашқы ақ махаббатыңыз болар, ә?– Ол жәудірей қарады.

– Иә – дедім бір уақыт сыртқа ойлана көз тастып. – Ол алғашқы махаббатым ба, әлде өзге ме білмеймін. Бір көрініп жоқ болған періште еді. Арада міне жиырма жылдан астам уақыт өтті. Бірақ тағдыр бізді бір көруге жазбапты. Иә, иә бұл менің уыз балаң махаббатым еді, өмір бойы айтып өтер әнім еді. Мәңгілік сағынышым еді. Оны еш уақытта ұмытуым мүмкін емес. Тындасаң айтайын – деп Ақшарқатқа карадым. Ол онсыз да бар ынтасын салып, менің аузымды бағып қалыпты. Сырадан бір жұтып, сонау күндерді есіме алдым. Көз алдыма сол бір балғын қызбен кездескен шақты ойладым. Құдай-ау, қалай кезедсіп едік біз…

 

ӘНІМ СЕН ЕДІҢ

 

Онда сегізінш класты бітірген жаз еді. Дұрысы, 1981 жылдың тамыз айының соңғы күндері болатын. Біздің жақтың жері шұрайлы, топырағы құнарлы. Көбіне жазда кәріс ұлтының өкілдері келіп, колхозбен келісімге отырып, пияз, қауын-қарбыз егіп жататын. Ауылдың қолы бос, адамдарының барлығы сонда барып жұмыс істеп пайда табатын. Бір күндік жұмысақы 3 сом. Ол кезде оның өзі үлкен ақша еді-ау.

Жаз бойы өндірістік бригадада жұмыс істеп, қол босаған шақ. Сонда да әке-шешеме көмек болсын, әрі мектепке киер киім-кешек алармын деп, бірінші қыркүйекке санаулы күн қалса да, мен де кәріске барғанмын. Жанымда үнемі бірге жүретін досым Дүйсен бар. Біздің міндет – пияз жинау. Кәрістердің пияз салған жері екі ауылдың ортасы, Жидекті деген жер. Қасқа жолдың бойы. Таңертең аудан орталығынан шыққан автобус, Қауғалы ауылы арқылы бізге келеді.

Жолай сол Қауғалының  адамдары тиеле мініп, кәріске келіп түсіп калатын. Олар да біз сияқты тірлік жасайды. Автобус аудан орталығына қайтқанда біздің ауылдың, яғни Еліктайдың адамдары тиеле мініп барып, кәрістің тұсынан түсіп қалады. Балалық шақ қызық қой, сол жерде жұмыс істей жүріп-ақ, көрші ауылдың балаларымен танысып мәз-майрам болып қалушы едік. Алғаш барған күні-ақ көзіме көрші ауылдьң бір қызы түсті. Орта бойлы, қара торы, сүйкімді қыз екен. Шашын желкесінен қиған, үстінде қызыл жолағы бар футболка, бұтында көк трико. Дәл сол уақытта сол қызды дәл бүгінге дейін, бәлкім мәңгілік жақсы  көріп, өмірдеп іздеп өтерімді  біліп пе едім? Егер дәл осындай боларын білгенде, әй-шәйға қарамай-ақ жата-жабысып танысып бір нәрсе жасар ма едім. Бірақ ол кезде кім білген, мұның бәрі балалық алып-ұшпа сезім болар. Тыз ете түсіп басылар деп ойлағанмын. Өзіне тым көп қарағыштағанымды байқады ма, ол да маған назар аударып, әлсін-әлсін мен жаққа ұрлана көз тастайтындай көрінді. Екінші күні барғанда ол қыздың есімін сол көрші ауылдың балаларынан біліп алдым. Гауһар екен. Өзі Кауғалы да тұрмайды, Аякөздікі екен. Тек Қауғалыға туыстарының үйіне қонаққа келіпті. Түс кезінде бүкіл ел-жұрт демалып, шәй-пайларын ішеді. Балалар ағып жатқан Тамды өзеніне түсіп бір сергіп қалатын. Сондай кездерде талай мүмкіндіктер болса да Гауһарға тікелей барып таныса алмадым. Әрине ол менің ұяңдығымнан, бос белдеулігімнен болар. Әрине ол да менің аты-жөнімді, тіпті кай класта оқитыныма дейін, айналасындағы балалардан сұрап, біліп алыпты. Мұны да сол Сапардан естідім. Бірақ тікелей тіл қатысып, араласа алмадық. Екі-үш күн зыр етіп өте шықты. Бірде сәл үзілісте шелекпен әкелген салқын суды ішіп, шөл басып тұрғанбыз. Жанындағы қыздармен бірге Гауһар да келіп су ішті. Су ішіп тұрып көз астымен бірер рет мен жаққа жәудірей қарағандай болды. Жанымдағы досым Дүйсен екеуміз оны-мұны айтып, олардан ұзап кете қойған жоқпыз. Екі көзім Гауһар жақта. Ол жанындағы қыздарға (бәлкім мен естісін деді ме екен, сол кезде) – бүгін соңғы күн ғой, ертең Аякөзге қайтамын – деп бізге естірте айтып жатты. Көңілім құлазып сала берді. Жұмысқа зауқым соқпады. Күн еңкейе бастағанда жұмыс бітті. Өзімізге тиесілі еңбекақыларымызды алып, екі ауылдың адамдары автобус жүрер қасқа жолға беттедік. Тамдыдан өткен бойда үлкен арық ағып жатыр. Суы егістікке барады. Сол арыққа суды бөліп тұратын темір көпір орнатылған. Сол жерде екі ауылдың адамдары қақ, айырылады. Біздің ауылдыкі жолдың сәл төмен жағына беттесе, Кауғалының адамдары жоғары беттеп барып, жолдың қайқаң етіп шұғыл бұрылатын жеріне барып, келер көлікті күтеді.

Дүйсен екеуміз ертерек қамданып темір көпірдің басына барып тұрдық. Екі ауылдың адамдары екіге бөлініп кетіп барады. Қасыңда дос қызы бар Гауһар елдің ең соңы болып, жанымыздан өте берді. Қимай-қимай қарадым. Ең құрығанда бір ауыз сөйлейін десем, тіл жоқ. Баяғы ынжықтық қалыптен айырыла алмай, сөлбірейіп тұрмын. Тек олар біраз ұзаған соң барып, дауысымды сәл шығара: Гауһар – деп қалдым. Ол артына жалт карады. Мен де үн жоқ, Дүйсен де үндемейді. Бір нәрсе айтады деді ме, сәл бөгіліп барып жүріп кетті.

Сол бір сүйкімді қыздың соңынан қимай, ұзақ қарағанмын. Біраз ұзағанда барып тағы да: – Гауһар, – деп, айкайлап калдым. Ол тағы да қараған. Қол бұлғадым. Ол сәл жымиып қолын бұлғады. Міне, бірнеше күн сырттай өле ғашық болған қызыма, бір-ақ рет тіл қаттым, атын атадым. Осы кезде:

– Әй, болыңдар, автобус келді – деп, біздің ауылдың адамдары бізді шақырды. Жүгіре жөнелдік. Автобусқа міне беріп, тағы да артыма карағанмын. Адамдардан сәл оңашарақ Гауһар біз жаққа қарап тұр екен. Соңғы рет қол бұлғадым. Неге екенін қайдам, тамағыма өксік тірілгендей болды.

Бүл оны ең соңғы рет көргенім еді. Оның қол бұлғап түрған сол бейнесі мәңгілік жадымда қалды. Әлі де көз алдыма елестете аламын. Ол менің көңіліме ең алғаш махабаттың ақ гүлін еккен қыз еді. Мәңгілік шырқап өтер әнім еді, сағынышым еді. Міне, содан бері арада жиырма жылдан астам уақыт өтті. Қайтып кездесе алмадық. Иә, артынан сол Қауғалы ауылының бірер қызымен дос болдық, араласып түрдық. Сол қыздар арқылы Гауһар қонақка келген үйдің қызымен сырттай таныс-біліс  болдық. Гауһарға арнап жазған шикілі-пысылы махаббат, сағыныш жайлы өлеңдерімді сол қызға бердім, Гауһарға жеткізуін өтініп. Шыны ма, өтірігі ме, кім білсін, «Ол да сені сырттай ұнатып қалыпты, сәлем жолдады, келер жазда келемін, сонда кездесеміз» – деп айтты деген.

Тағдыр бізге кездесуді жазбады. Зырғып уақыт өте берді. Онжылдықгы бітірдім. Отан алдындағы парызымды өтедім. Оқуға түстім, үйлендім, әке атандым. Бірақ сол бір балауса балғын қыздың бейнесін ешқашан ұмытқан жоқпын. Жас өскен сайын кайта сонау бір балалық шағымның ең бір қимас кезеңі болып есіме жиі түсе береді. Кейде, әйеліммен тәжікелесіп қалған шақтарда, «егер Гауһарға үйленгенде бәлкім бұлай болмас па еді, бұдан да бақыттырақ болар ма едім», деген көкейде өкініш тұратыны да жасырын емес. Өмірде көріп тұрып тілдеспеген, сүйіп тұрып кайтып кездеспеген сол қыз, сол Гауһар енді қалған өмірдегі сағынышым, айта жүрер мәңгілік әнім еді. Әрине, бұл жалғанда талай- талай қыздар кезікті, бірақ қолым жетпей өткен қыздың қадірі күшті, өкініші қатты екен.

«Кездесер болсам

қайта мен,

Тағы бір мәрте сол

шақпен.

Бәрін де саған айтар ем,

Жалгызақ, тамшы моншақпен»‘ – деп, Төлеген акын айтқандай, дәл сол шаққа бір құдіреттің күшімен қайта оралған болсам, бәрі де өзгеше болар ма еді – деп ойлаймын.

…Бірер шөлмек сыра әлгінде-ақ таусылған.

– Міне, менің алғашқы махаббатымның кішкентай тарихы осы. Әңгіменің бәрі Аякөз дегеннен шықты ғой. Кейде ауылдан Алматыға қайтар кездерде, не болмаса, ауылға барар кездерде Үржардан Алматыға тіке жүретін автобус бола тұра әдейі Аякөз айналып, пойызбен жүремін. Өйткені сол бір кездеспей кеткен бейнені Аякөздің көшелерінен, иә болмаса вокзалдың маңайынан жолықтырып қалам ба деген үміт еді. Сірә, сені жалықтырып алдым-ау, тамбурға шығып темекі тартамыз ба? – деп Ақшарқатқа қарадым. Терезеден шырқ үйіріліп қалып бара жатқан далаға қараған күйі ол үнсіз жылап отыр екен. Оның жас жуған жүзіне қарай отырып, баяғы сол… сол бір кездеспей кеткен бейнені, сол Гауһарды елестеткен-дей болдым. Құдай-ау, қандай ұқсастық. Тек жадымда қалған Гауһардың бейнесі тым бала, балаусалау, ал мынау қарсы алдымда отырған қыз сәл ересектеу көрінгендей болды. Дегенмен, әлде бір ұқсастықтың бары анық-ты. Мен айтқан әңгімеде көзге жас ала қоятындай аянышты нәрсе де жоқ. Сонда Ақшарқат неге көзіне жас алды?! Бұл маған жұмбақтау көрінді.

– Неге ұзақ қарадыңыз? – деді. Ол қол орамалымен көзінің жасын сүртіп жатып.

Жаңағы   мен әңгіме қылған қызға ұқсайды екенсің – дедім. Ол үндемеді. Тек, ауыр күрсініп қойды. Сосын:

– Сіз тамбурға бара беріңіз. Мен ішке соғып өзімнің осында екенімді жанымдағыларға сездірейін, әйтпесе іздеп әуре болар.

«Оларың кім?» -дегім келіп тұрса да, үндемедім. Өйткені танысып, сөйлесе бастағаннан бері бірқыдыру уақыт өтсе де Ақшарқат жанындағы екі жігіт жайлы сыр ашкан жоқ-ты.

Тамбурға шығып темекі тұтаттым. Сәлден соң көңілсіздеу қалпы Ақшарқат келді. Темекінің түтінін будақтатып далаға қарап үнсіз біраз тұрдық. Пойыз жолдың ашпысын қуырып зымырап келеді.

Кейбір жолбекеттеріне тоқтап, кейбіреуіне тоқтамай ақырып-бақырып өте шығады. Көкмұнарға оранған қазақтың кең даласы керіліп жатыр.

– Әдемі қызсың ғой. Сіздің алғашқы махаббатыңыз біздікінен қызығырақ шығар? Әңгіме болсын, жол қыскарсын, айта тұр – дедім, Ақшарқатқа жымия қарап.

– Ешқандай да қызық емес. Қайта керісінше деді, ол қатқылдау үнмен. – Мейлі, сұрап қалдыңыз ғой, айтайын.

 

КЕЗДЕСПЕГЕН, ТІЛДЕСПЕГЕН ҚОШ, АМАН БОЛ, ЖАНАҒА

(Акшарқаттың

әңгімесі)

Біз бір шаңырақта үш бала едік. Тағдыр бізді қырынан алды ма, қайдам, Аякөздің жанында Мыңбұлақ деген елдімекен бар, сол жерде әкем мен ағам қонақтан қайтып келе жатып, жол апатына ұшырап қайтыс болды. Үйде шешем мен екі қыз аңырап қалдық. Бірақ өлмектің артынан өлмек жоқ дегендей, тірі адам тірлігін жасайды екен. Әпкем менен он үш жас үлкен. Есімі -Жақұт.

Көрікті қыз еді, тәрбиелі қыз еді. Көп қылтың-сылтыңы жоқ.

Үйдегі бар жұмысты сол атқарады. Шешеміз жұмыста. Әйтеуір әкемізді жоқтатпай өсірді. Жақұт қай түлен түрткенін кім білсін, қолына қалам алып күнделік жазып, шимай-шатпақ әңгіме, өлең жазып жүрді. Әдеби кітаптарды көп оқитын. Бірде: – Менің жақсы көретін балам бар – деді, өз-өзінен шешіліп әңгіме айтып. – Ол алыста, сен білмейсің.

– Қай жақта? – дедім, балалық көңілмен қызық көріп.

– Алыста, Үржар жақта, ол да өлең жазады, ақын – деді, күлімсіреп. Осыны айтып қызарандап қалды, ұялғаны да. Әйтеуір жазғы каникулда Жақұт Үржар жақтағы Қауғалы деген ауылда тұратын туыстарымызға барып біраз уақыт демалып қайтатын. Сонда таныскан болар. Кішкентаймын ғой, бәрін білуге көп қызыққан жоқпын. Онжылдықты бітірісімен, Жақұт Семейге окуға аттанды. Жолы болып дәрігерлік институтқа түсті. Сол бірінші курс оқып жүрген қыста бір туған күнде курстас жігіт алып қашып,

тұрмысқа шықты. Олар бақыты еді. Бір ұлды болды. Сонда да оқуын жалғастыра берді.

Бірде үйге келгенде, оңашада: – Баяғы өлең жазатын ақын балаң қайда? – деп сұрап қалғанмын.

– Білмеймін, – деді ол. – Балалық болар, шынымды айтсам, ол баланы бірер рет қана көрдім. Тілдескен де жоқпын, тек дос қыздарым оның маған арнап жазған өлендерін әкеп берген. Баяғыда менің күнделік жаза бастағаным соның әсері болатын. Ұмыттым деп айтпаймын, бәрі есімде, тағдыр жазса түбі бір кездесерміз, ол баланы ұмытпау үшін ұлымның атын соның есімімен атадым ғой деген де қойған.

Бақытты өмір сүріп жатқан олардың шаңырағын тас-талқан еткен бір оқиға болды. Бірде түнделетіп әлдебір жерден келе жатқан Жакұттың күйеуіне көше тентектері соқтығысып, пышақтап кетіпті. Ауруханада есін жиа алмай жатып дүниеден өтті. Тағы да аңырап қалдық. Бұл бізге де, Жақұтқа да өте ауыр тиді.

Тура келген жазмышка не істейсің, енді.

Сол жылы тұрмысымыз шатаяқтай бастаған соң, баяғы Кауғалыдағы туыстарды паналап, сонда көшіп барғанмыз. Жақұт оқуын бітірген соң, сол Семейде жұмыс істеп қалды. Кішкентайы қолында-тұғын.

Туыстардың қолқалауымен шешеміз тағы біреуге тұрмысқа шықты. Егделеу кісі еді, әйелі ертерек қайтқан екен. Қолында жалғыз ұлы бар, оның өзі біразға келген. Оның үстіне ұрлық жасап біраз жылын түрмеде өткізген болып шықты. Әу дегеннен-ақ өгей әке де, түрімшік баласы да маған ұнай қойған жоқ. Тек шешемді медет қылып тұрып жаттым. Ол кезде мен де таралып өсіп, бойжетіп қалғанмын. Тоғызыншы класта оқып жүріп, денешынықтырудан беретін ағайға ғашық болдым. Келісті келген өте сыпайы жігіт еді.

– Неге екені кайдам, мана сізді алғаш көргенде-ақ сол жігітті қайта кездестіргендей, біртүрлі болып қалдым. Ол да ұяңдау еді, дауыс көтеріп сөйлемейтін. Мені өзіне жақын тартып тұратын.

«Сенен жақсы спортсмен, жеңіл атлет шығады. Ол үшін көп жүгіру, көп даярлық керек» – дейтін қамқорсып.

Есімі Дәурен еді. Денешынықтыру институтын бітірген соң Қауғалыға уақытша келіпті. «Түбі өз туған жеріме барамын» дейтін. Негізі өзі Семейдің Ақсуатының жігіті еді. Үйленген, әйелі де мұғалім.

Дәуренді қатты жақсы көрдім. Тіпті ертеңгілік бір топ балаға еріп, жүгіретінді шығардым. Ортамызда Дәурен де бар. Қусак, өзенін жағалап, Тарбағатай тауына қарай үш-төрт шақырым жүгіріп қайтатынбыз. Шаршаған кезде Дәурен қолымнан ұстап жетелеп алатын. Ондай кездерде мен бақытты едім. Қысқасы, Дәурен күндіз ойымнан, түнде түсімнен шықпайтын адамға айналды. Мұғаліміңе, әрі үйленген адамға ғашық болу қиын екен. Іштей тынып, өкситінмін. Өзіне ғашық екенімді ол да сезетін, бірақ ұяң еді, көздеріміз түйісе қалса, қызарандап, жанарын тез тайдырып өкететін. Қазір ойлап тұрсам, талай оңаша қалған кездерде, құшағына қысып, ең құрымағанда маңдайымнан иіскемепті.

Айналамыздағы дос қыздар «бүкіл ел сені «ана мүғалім жігіттің көңілдесі екен» деп, өсектеп жүр, оған тым жақындай бергенді қойсаңшы, ертең әйелі естісе ұят болады» – деп талай ескерткен-ді. Бірак ғашық жүрек қойсын ба, «ел не десе, о десін, бәрібір Дәуренді сүйемін» дедім. Көктемде 1 май мерекесінде ауылда үлкен ат жарысы, көкпар тартысы болды. Дәурен атқа жақсы мінетін, әрі қарулы жігіт еді ғой. Бір атқа мініп көкпарға ол да түскен. Бір топ қыздың ортасында оның ерен қылығына сүйсіне қарап тұрғанмын. Көкпарды жұла тартып, тақымына басып көптен бөліне бергені сол еді, шауып келе жатқан аты бір інге аяғын тығып алып омақаса құлады. Екі-үш аунап кеткен Дәурен орнынан ұшып тұра бергенде шауып келе жатқан өзге ат оны кеудесінен қағып, таптап өте шықты.

Жалғыз мен емес, бүкіл ел ду етіп, дүрлігіп кетті. Қол жетпес арманым, алғашқы махаббатым болған жігіт сол жерде, дәл көз алдымда мені тастап, о дүниеге аттанды. Екінші келіп қаққан ат омыртқадан мыжып, үзіп жіберіпті. Денесін туған жерге жерлейміз деп туғандары келіп Ақсуатқа алып кетті.

Арманьмды білмедің ғой,

Білмедің ғой момын жан.

Бірге едім ғой, білмедің ғой

Не келеді колымнан

Карай алмай ел бетіне,

Сенен ғана сыр бағып.

Карапайым келбетіңе,

Караушы едім үрланып.

Солай-солай күн кешкен ем,

Сені сактап санама.

Кездеспеген, тілдеспеген,

Корш, аман бол, жан аға! деген Мұқағалидың өлеңін ішімнен мың қайтара айтып, оңашада көз жасымды көл етіп мен қалдым.

Уақыт та тоқтам бар ма, сырғып өте берді. Оныншы класқа көшкен жылы көрші класты оқитын Аян дейтін жігіт маған хат жазды. Баяғы «Сені жақсы көремін, сүйемін-күйемін» деген махаббат хаты ғой. Аян бізге көрші үйлердің бірінде түрады. Таңертең сабаққа бірге барамыз, бірге қайтамыз. Кино, би кештерінен де қалып көрген жоқпыз. Жұлдыздар жауған бір айлы түнде ең алғашқы рет сүйістік. Өткен күндер жарасы сәл ұмытылғандай болған-ды. Бірақ бұл өмірде көргенімнен көрмегенім көп екен. Тағдыр маған алдымнан тосын «сый» даярлап қойыпты.

Мен оныншы класс оқып жүрген кез, баяғы Кеңес Одағы пырым-пырым болып ыдырап кеткен кез, яғни өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының жуан ортасы еді. Жасыратын не бар, елдің тұрмысы қиын еді. Соның бірі біздің шаңырақ бола-тын. Өгей әкем мен шешем осы Қауғалыдағы бірнеше байшыкештің  малын бағатын. Оған әлгі түрмеден келген ұлы Самат көмектесетін. Олар ауылдан сәл шеттеу бір қашар да еді. Үйге жиі келіп тұрады. Мен болсам осындағы туыстарымыздың күйеуінен ажырасқан үлкен қызы және оның бір-екі майда-шүйде баласымен тұрып жаттым. Бірде әпкем де, оның балалары да жоқ еді. Үйге өгей әкем мен шешеме малын баққызатын байшыкештің бірі кіріп келді. Удай мас деуге болмас, бірақ жақсы қызып алған. Жасы елулерден асқан, үлкен. Жуан карын, нағыз тоңмойын кісі. Үйде ешкім жоғын байқап, бірден маған тиісті.

– Даладан қаңғып келген иттің балалары, бүкіл малымды жасырып сатып, ұрланды дейсіңдер. Нағыз ұры сендерсіңдер. Сотқа бердім, тұқымыңмен түрмеде шірітемін. Ұрланған малдың ақшасына жасанып киініп, маймандап жүрісің мынау, сенің. Көрсетейін сылаңдап жүргенді саған, қаншық деп, состиып түрған маған тап берді.

Қарсыласып, не қашып үлгермедім. Дәу еркек қойсын ба, айғайлап-шыңғырғаныма қарамады. Жерде жайылып жатқан көрпенің үстіне алып ұрды. Әлім келгенше бас-көзге төмпештеп, тістеп жатырмын. Шамасы, бір жерім жандалбасалап жатып тістеп, ойып алсам керек. Еркектің жан дауысы шығып, жуан жүдырықпен бүйірімнен бір перді. Талықсып кеттім. Есімді жисам, тыр жалаңаш жатырмын. Абыройым төгіліпті. Дегеніне жеткен еркек, (аты Саттар) суықшайды сіміріп, терін сүртіп отыр. Қайта талықсып кеттім. Сөйтіп сары уызым сасық кеңірдек, жуан қарын Саттарға бұйырды. Арты біраз шу болып басыл-ды. Басылатын да себеп бар еді. Өйткені осының алдында ғана өгей әкем мен шешем баққан малдан төрт-бес ірі қара мен оншақты қой үшті-күйлі жоғалып кеткен. «Түнде келіп ұры алды, кара басып байқамай қалдық» – деп, өгей әкем мен шешем шыр-пыр болды. Жоғалған малдың негізгісі Саттар байдыкі еді. Ауданнан милициядан милиция шақырып, сотқа арыз түсіріп, қоқан-лоқы жасап жатқан. Әке-шеше түбі түрмеде шіриміз-ау деп шошулы еді. Көмек берер туған-туысқанның маңдайлары шылқып тұрғаны шамалы. Сөйтіп жүргенде Саттардың келіп мені зорлауы оларға күтпеген «олжа» болғаныда рас. Өгей әкені қайдам, туған шешем шын ашынды. Сол қарқынмен біраз жерге арызданды. Бірақ, қай заманда да қалталылардың сөзі жүретіні рас екен. Іс әрі бармай, тез-ақ жабылып калды. Шамасы, Саттар соттағылардың тамағына ақша тықса керек.

Әрі Саттардың айналасындағы бірнеше адам үйге келіп келіссөз жүргізді. Әңгімелердің ауаны мынадай: – Сендер Саттардың бәленбай бас малын жоғалттындар, егер оның мастықпен жасаған қылығын кешіріп, соттан арызды кері қайтарсаңдар, ол да сендерге кешірім жасайды.

Бір ауылдың азаматтарымыз, сыйластықгы бұзбайық. Болар іс болды, қыздың беті ашылды. Қажет етсеңдер, қыз онды бітірген соң Саттарға күйеуге шықсын. Жаман болмайды дескен көрінеді. Бір пәледен оңай құтылғанына қуанған өгей әке мен оның ұлы бірден келісім берсе керек. Шешем біраз тулапты. Бірақ ері тұрғанда одан асып қайда барсын.

Соны арқаланды ма, ішкен кездерде Саттар біздің үйге жиі бас сұғатын болды. Ол келе жатканын көрсем, бақшадан секіріп түсіп қашып кетемін. Кейде үйден шыға алмай қаламын. Ол келген кезде үйдегі әпкей балаларын ертіп, сылтауратып көрші-қолаңға қарай тартып тұратын. Саттар болса мені лақша жерге алып ұрып, ықылық атып, арақ сасыған аузымен аймалай сүйіп, дегеніне жететін. Сосын: – Сен нағыз тәтті тоқалым боласың, сені ертең үйге кіргізген күні-ақ ана үйдегі мыстанды көттен теуіп қуып шығамын – деп, үйді басына көтеріп қарқ-қарқ күлетін. Оның май басып ірк-ірк еткен ішіне бір тұтам қамыт аяғына қарап, талай рет лоқсып жібердім де.

Өлгім де келген, бірақ өле қою қиын екен. Адам жанының тым тәтті екенін сонда білдім. Ауыл арасында пыш-пыш талай өсектер айтылып жатты. Бәріне көндім. Тіпті көнбеске, амалым да жоқ еді. Өйткені, Саттармен болған алғашқы жайдан кейін-ақ бір кеште бәрін Аянға айтқанмын.

– Болар іс болды, бәрін естідің, мен сені сүйемін, шалға қатын үстіне қатын болып бара алмаймын. Сен маған үйлен, үйіңе кіргізіп ал, ел не десе, о десін, өлмеспіз дедім.

– Не дейсің, әкем мен шешем мені өлтіреді ғой. Қолымнан келмейді, – деп езіліп жылап тұр. Ол да боркемік, ынжықтау бала еді. Сонысын істеді. Жұлқынып «Саттардың қолында өлемін, жоқ етемін» деудің орнына, езіліп жылады. «Жүр, мені үйіңе кіргіз» деп қолынан ұстасам, менен безіп кеткісі бар. Не дейін, қүшақгасып екеуміз де егіліп жыладық. Маған жолыққан еркектердің бәрі боркеміктеу, ынжықтау келеді. Алғашқы жақсы көрген жігітім марқұм Дәурен де, одан кейінгі Аян да бір тектес еді.

Құдай-ау, мына менің әңгімемді тындап тұрған сіз де солардың сортынансыз. Егер сіздің орныңызда батылдау бір еркек болса, менің қиялилау әңгімеме түкіріп қойып, басқа әңгіме айтып, маған қол жүгіртіп дегеніне жетпейінше тыным таппас еді. Сіз болсаңыз маған аянышпен қарайсыз, мені құшағыңызға қысып, ернімнен құшарлана сүюдің орнына, темекіңізді тістелейсіз, шын ба, өтірік пе аһілейсіз-үкілейсіз. Сіз де сол Дәурен мен Аяннан асып кеткенініз шамалы-ау – Ақшарқат осыны айтып ызалана күлді. Мен үндемедім. Сосын темекінің түтінін будақтата шығарып: – Өмірде сүйгендеріңізге қол жеткізе алмағаныңызды менен көріп тұрған жоқсыз ба,-  деп мырс еттім.

– Артық кетсем кешіріңіз, – деді Ақшарқат. – Кейде не сөйлеп, қойғанымды өзім де білмей қаламын. Сонымен қалай еді. А, иә, сонымен, Аян еркектік жасай алмады. Әрине оныншы класс оқушысы әке-шешеден асып, еркімен не істесін. Сонда да жиі кездесіп жүрдік. Рас, төсек қарым-катынасы да болып тұрды. Саттардан ба, әлде Аяннан ба білмедім, әйтеуір онжылдықты бітірер кезде ішім білініп қалған.

Сөйтіп жүріп мектепті  бітірдік. Аян Семей жаққа оқуға барып түсе алмай қайтып келген. Ауылға жұмысқа тұрып, әйтеуір ұсақ-түйек бірнәрсе істеп жүрді. Мен болсам ішім шермиіп, екі көзім бұлаудай болып Саттардың есігін аттадым. Әйел үстіне барған қыздың күні не болсын. Барғаннан қағажу көрдім. Жылы шырай тартып, ішке тартқан ешкім болмады. Әйтеуір, сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығып күн кештім. Әйелі бір тиіседі, одан қалса ішіп келген кезде Саттар жуан жұдырығын ала жүгіреді. Ондағысы: «Сен анау Аян деген боқмұрынмен ойнас екенсің, бүкіл ел мені табалап жтыр» – дейді. Бір күні таяқ жеп, қашам деп жүріп оңбай құладым. Түсік тастадым, сөйтіп бойыма біткен пінә далада калды. Қысқасы, не керек, ішкенім ірің, жегенім желім болды. Екі жылдан астам уақыт шыдадым. Ақыры болмаған соң, көктемнің бір күні Алматыға қаштым да кеттім. Өйткені аралас-құралас көрші қыз-келіншектер де: «Мына күнің күн емес, басың жас, өзінді қор етпе, әрі Саттардың зандастырылған нақ қатыны емессің, кірмесің. Қашып, қалаға кетіп кал, бағың жанады» – деп бар ақылдарын айтқан. Бір реті келгенде Аянға осыны сыбырлап айтып, жолыма қаражат тауып бер дегенмін. Ол көп кешіктірмеді, біраз тиын-тебен берді. Азық-түлік аламын деп аудан орталығы Үржарға барған бойда Алматыға жүргелі түрған автобусқа отырдым да қалаға тартып кеттім. Қалаға келісімен кезінде онжылдықты бірге бітірген, осында жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген бірер дос қыздардың адресін ала келгенмін, соларды іздеп тауып алдым. Біреуінің жатақханасында бір айдай тұрдым. Есімді жиып, өз-өзіме келдім. Қалтадағы бар ақшаға бір сыдырғы киім алдым. Дегенмен қалада өмір сүру, нан тауып жеу қиын екен. Жатақханада дос қызыммен бірге тұратын қыздармен сиысып тұру оңайға соқпады. Ақыры кетіп тындым. Сөйтіп ананың-мынаның басын бір шалып күнелтем деп жүріп, нашарлау қыздардың ортасына түсіп қалғанымды білмедім. Жезөкшелер екен. Әйтеуір ауылға қалай да бармай, қалада күн көру үшін оған да көндім. «Сасық кеңірдек Саттардың қолына барғанша, біраз уақыт төнімді сатып, өз-өзіме келіп, жағдайымды түзеп алайын» – дедім. Кешкілік қымбат қонақүйлерді торуылдадық, сауналарда клиенттерге қызмет еттік. Алматыда не көп, сауна көп. Оған демалуға барған еркектер міндетті түрде қыз шақырады, сондықтан саунадағылармен де келісіп қойдық.

Коммерциялық газеттерге хабар бердік. Сөйтіп жүріп төрт жылдың қалай өткенін байқамай қалыппын. Өйткені күнде клиенттерге қызмет ету, тапқан ақшаны суша шашу күнделікті мейрамхана, түнгі клубтар, одан қалса соңғы модамен киіну.

Асығым алшысынан түсіп тұрды. Бет-ажарым, сымбатты денемнің аркасында талай қалталы еркектің жүрегін отша шарпыдым. Келісілген ақшадан тыс, көпшілігі маған тағы қосымша тиын-тебен тастап кететін, «жақын араласайық, ойнасым бол» деп. Рас, бірге жүрген қыздар қызғаныштан жарылып та кете жаздайтын. Ауылды ұмыттым. Бір-екі рет баяғы дос-студент қыздарға барып, елдің жайын білдім. Әйтеуір бәрі аман-есен деген соң, соны дәтке қуат етіп келдім.

Әрі артымнан қуып келген ешкім болмады. Сөйтіп жүріп жаттық. Бірде кешкілік әлгі жерлес студент қыздардың бірі телефон шалып, келіп кетші деді. (оларға телефон номірін беріп қойған едім). Қолым сәл бостау болған соң, жатакханасына шауып жетіп бар-дым. Барсам, мына қасымда келе жатқан екі жігіт отыр. Бұларды сізге әлі таныстырмаппын ғой, бірі баяғы өгей әкемнің түрімшік ұлы Самат, екіншісі Саттардың ағайындас бауыры болып келетін Рақым.

Төбемнен біреу су құйып жібергендей болды.

Шәй үстінде Самат, шешемнің осыдан алты ай бұрын қайтыс болғанын, мені еш жерден іздеп таппағанын айтты. Жақұттың жалғыз баласын балалар үйіне бергенін (Жақұт та өмірден қайтқан болатын) айтты. Егіліп жыладым. Олар жан-жақтан отырып «елге қайт, мына тірлікті таста» деп үгіттеді. Саттардың да әйелі өмірден озғанын, өзі де ішуді қойып, түзу адам болғанын, қазір шылқыған бай екенін, кайта қосылсандар, бақытты болатынымызды да қосып қойды.

Аяқ асты жиналдым. Тапқан бар қаражатымды қалтама салдым, Жақұттың ұлына киім-кешек алдым. Бір әулеттен қалған сол екеуміз ғана ғой. Міне, енді жол тартып қайтып келе жатырмыз. Менің соңғы он-шақты жылдағы қысқаша өмірім осы. Алғашқы махаббаттағы сәтсіздіктерді де айттым ғой, бәрі де мұңлылау аяқталды.

– Ие, қарындасым, тағдырың ауырлау екен, – дедім.

– Енді, Алла Тағала пешенеме не жазды соны көремін де, – деді, қыз күрсініп.

Күн еңкейіп қалған. Пойыз үлкен бір станцияға тоқтады. Оны-мұны алмақ болып біз де сырткд беттедік.

 

КҮРСІНУМЕН ӨТКЕН ҒҮМЫР

 

Түннің бір уағы болып қалған. Вагон іші тып-тыныш. Тек анда-санда екі жаққа ырғалып қойып, пойыз тақылдап жүріп келеді. Жаныма Ақшарқат келіп отырды. Жоғарғы екі орында екі бала ұйықтап жатыр. Кемпір баяғы көрші купеге қисайған сынды. Өз орнына сол купедегі бір баланы жіберіпті.

Онысы: Ақшарқат екеуміздің отырысымызды бұзбайын деді ме: – Аға, асықпай отыра беріңіздер, ана жерде таныс балаларым келе жатыр, солармен карта ойнап, жайырақ келермін, – деп көрегендік танытып шығып кеткен. Ақшарқаттың купесіндегілер жатып қалса керек, тым-тырыс. Купенің есігін жауып қойдым. Шамның жарығы әлсіз, купе ала-көлеңке.

Ақшарқаттың тек сүюге арналғандай еріндеріне, томпиған төсіне, шолақтау халаттан жарқырай көрінген аппақ түп-түзу аяқтарына карап, тамсанып қойдым. Ол да келсең кел деп тұрғандай.

Мен де, ол да үнсіз. Құдды бір қиын істің шешуін таппай түрғандай-мыз. Оның сүйрік саусақтарынан аялай үстап, ақырын өзіме тарттым. Ол қарсылықсыз лып етіп менің жаныма ауысып отырды. Бір қолыммен белінен орай күшақтадым, екінші қолыммен төсінің сыртынан ақырын қысып, қолымды

төмендете отырып, етегін сәл түріп аппақ сандарынан сипаладым. Ол қарсыласпады. Қайта осы жанына жақты ма, маған ыңғайланып, көзін жұмып, ернімен менің ернімді іздеп тауып, ақырын сүйді. Неге екенін қайдам, одан әріға барған жоқпыз.

Менің тосылып қалғанымды көрген ол сол үнсіз қалды да:

– Не ойлап кеттіңіз? – деді.

– Сіздің әпкеңіз Жақұт жайлы –  дедім. Оның соңғы өмірін айтпадыңыз ғой.

Оның есіне әлдене түсіп кетті ме, жөнделіп отырды.

Аяғын ұятсыздау сипалап отырған қолдарымды итеріп қойды.

– Оның бәрін жыр қылып несін айтамын, аға. Тағы да кездесерміз, сол кезде ести жатарсыз. Дәл қазір ол туралы сұрамаңызшы, өтінемін. – Жанарларынан жас көрдім. Жасқа шыланған көздерінен өбіп, құшағыма қыса түсіп, ақырын күрсіндім. Құшағымда еліктің лағындай боп тұрған қызға жігітшілік жасауға кимадым. Одан да осы бір кездесу тәтті бір елес болып көкейімде қалсыншы деп ойладым. Егер жігітшілдікке салынсам, бұл кездесу жай ғана жолай кездесіп, көңіл көтерген көп қыздьң бірі болып естен тез-ақ шығып кететінін білдім. Сондықтан өзімді тұсаулай ұстап, Ақшарқаттың көздерінен аялай сүйдім.

– Неге күрсіндің, аға, – деді ол.

– Жәй, әншейін, тек ұлымды -Ұланымды сағындым. Танауы пысылдап ұйықтап жатқан болар…

– Неше балаңыз бар?

– Жалғыз. Әрине балаларымның саны көбірек болса деп едім. Өкінішке орай әйелімнің денсаулығы жарамайды. Ұланым жалқы болып қала ма деп қорқамын… Шынымды айттым. Ақшарқат басын иығыма сүйеп біраз ойланып отырды да:

– Серік аға, мана сіз мені өзіңіздің ең алғаш жақсы көрген қызыңыз Гауһарға ұқсайды екенсің дегенсіз. Егер ендігі қалған өмірімді сіздің етегіңізден ұстасам, сол Гауһардың көзіндей көріп аялап өте аласыз ба? Бәлкім, ұлыңыз да жалғыз болып қалмас, жанына серік тауып берермін. Тек шыныңызды айтыңызшы…

Не дерімді білмедім. Тек, қолымдағы бір тал шылымды езгілей бердім.

– Неге үндемейсіз? – қыз иығымнан басын көтеріп, жүзіме барлай қарады.

– Не дейін, Акшарқат? Менің өз отбасым бар, сен жассың ғой. Бар болашағың алда. Әйел үстіне өйел боп барғанды бір рет көрдің. Аузың күйді. Енді оны тағы қайталап қайтесің? Жарасып кете алсақ жарады. Жараспасақ тағы өкінішке қалып жанымызды жаралап не қыламыз. Айналайын, сен бақытыңды менен емес, өзгеден ізде. Мүмкін жан дүниеңді түсінетін, өзіңді аққуым деп аялайтын бір адам кездесер. Мен тек бір жақын ағаң боп, сен карындасым боп қал, бұл өмірде… – дедім. Қинала-қинала айттым. Ол орнынан үнсіз тұрып, үстін түзеді, сосын:

– Аға, менікі жәй наз ғой, айыпқа бұйырмаңыз. Қай жерде, қай маңда жүрсеңіз де бақытты болыңыз. Тек таңертең Аякөзден түсерде мені шығарып салуды ұмытпаңыз – осыны айтқан Ақшарқат купеден жайлап басып шығып кетті.

«Ақшарқат тоқташы», – дегім келді. «Бір күн бірге болсақ та бір-бірімізді түсіністік, бауыр бастық. Бәрібір айтуға жасырсам да сені қатты ұнатып қалдым. Енді ұмытуым да мүмкін емес. Егер рас, қолымнан ұстап, калған өмірімді бірге өткізейін десең, қазір де әзірмін. Әр адамның қиялында жақсы көріп, сағынып өтер бір адам болса, ол сен шығарсың, бұл өмірде тұмсықтыға шоқтырмай жетелеп өтемін» дегім келді. Бірақ әлде бір күш бұған жібермеді, айтқызбады. Темекімді езгілеп купеде үнсіз қала бердім.

Пойыз Аякөзге ерте келді. Перронда жан жоқ.

Пойыздан түскен бір шоғыр жолаушы жан-жаққа тарасып барады.

Ақшарқатты шығарып салдым. Қоштасарда:

– Енді қайтып кездесерміз мүмкін кездеспесбіз. Аман болыңыз аға – деді. Батылдау қимылдап бетімнен сүйді. – Алда-жарда Алматыға бара қалсам іздеп барам деп адресімді жазып алды. Мынау аға кеше сіз берген Мұқағалидың кітабы, ішінде өзіңізге арнап түнде жазған біраз сырым бар еді. Жол-жөнекей оқырсыз. Сау болыңыз.

Ішім қан жылады. Енді қайтып көрместей болып оған қимай-қимай қарай бердім. Тамағыма келіп өксік тірелгендей. Соңғы рет оған қол бұлғап жүре бастаан пойызға секіріп міндім.

Пойыз Аякөзден біраз ұзап шыкқан соң, кітапты ашып ішінен Ақшарқаттың жазып кеткен хатын алып асығыс оқи бастадым.

«Аға біз енді қайтіп кездеспейтін сияқтымыз. Маған солай сияқты болады да тұрады. Сондықган Жакұт жайлы, оның қиындау тағдыры жөнінде айтып едім ғой, аға, мен сізден оның шын есімін жасырдым. Ол өзіңіздің сағынып тұрып еске алған, мәңгілік шырқап өтер әнім еді деген қыз сол менің әпкем Жакұг яғни Гауһар болатын. Сіздің әңгімеңізден кейін, өзім жайлы айтқанда Гауһар жайлы да азда болса айтып кеттім ғой. Оның жақсы көрген жігіті болды, өлең жазады екен деп. Ішіңіз сезді ме, сезбеді ме білмеймін. Сол Гауһар мені Саттар зорлап әйел етіп алған соң Семейден Қауғалыға көшіп келді. Қатты ауырып жүрді. Жас болса да, көрікті болса да өзгеге көңіл бұрмады. Баласын жетектеп жалғыз өмір сүрді. Ұлының атын да сіздің есіміңізбен Серік деп атады. Қазір үлкен азамат болып өсіп қалды. Өмірінің соңғы жылдарын аурумен өткізді ғой. Кейде Саттардан қашып барып оған мұң шағатын-мын. Неге екені қайдам, ол соңғы уақытта көбірек сізді есіне алатын. «Баяғыда маған арнап жазған өлендерін қыздар әкеліп беріп еді, жоғалтып алдым» деп қатты өкінетін. Өмірі күрсінумен өтті ғой, оның. Талай сізді іздеп те көргісі келді. Естуімізше сіздің Рахила атты қарындасыңыз осы Қауғалыға тұрмыска шығып, кейіннен ажырасып кетіпті деп естіген ек. Қарындасыңыз тұрмысқа шықкан үйдің көршілерінен Гауһар сыр тартып көрген. Сізді Алматыда, журналист екеніңізді, үйленгеніңізді білдік. Сонда да Гауһар артыңыздан іздеп барғысы келді. Тіпті ауылыңыз – Еліктайға келетін кезіңізді де күтті. Ең құрмағанда сыртынан көрсем деп. Бірақ аға, сіз ауылыңызға үш-төрт жылда бір соғады екенсіз. Сондықтан Гауһар жолыға алмады, Алматыға іздеп те бара алмады.

Барса табар ма еді. Қолдың қысқалығы ғой.

Кейде үйдеті домбыраны тықылдатып ән айтушы еді. Құдай-ау қалай еді онысы.

Біреулер келер, біреулер кетер,

Касымда жаным болмасаң сен егер –

Шуакты күндер,

жұлдызды түндер

Бәрі де бекер, бәрі де бекер… – деп.

Көзіне жас алып отырушы еді. Бар жоғы отыз-ақ жыл өмір сүріп, қапыда жабысқан ауруынан айыға алмай дүниеден өтті ғой, әпкешім.

Аға, сіздің етегіңізден ұстап калған өмірді бірге өткізейін деп едім. Кабыл алмадыңыз. Ең құрмағанда Гауһардың маңдайына жазылмаған бақ маған бұйырса, сол Гауһардың көзіндей болып әрдайым жаныңыздан табылсам деп едім. Барлық сырды жасырмай айтканда солай болар да ма еді. Кім білсін. Жол жүріп бара жатқан сіздің Гауһарды айтып жүрегіңізді жаралағым келмеді. Әрі Гауһарды бұл өмірде бар деп ойлап, оның бейнесін мәңгілік іздеп, сағынып өтсінші деп ойладым.

Бірақ қазір шындықты жасырғым келмеді.

Аға мына екі жігіттен естідім. Шешем кайтыс болган соң Гауһардың баласын Кауғалыдағы балалар үйіне өткізіпті. Шешем кайтқанға дейін сол кісінің қолында болып еді. Мұның бәрін неге жазып отыр дейсіз ғой.

Ұлым жалғыз еді деп өкініп едіңіз. Өзіңіз аттас Серік сізге бөтен емес. Туғаның болмасада, өзіңіз жаныңа жақын тартқан, сүйген қызыңыздың баласы. Гауһарды сойып каптап қойғандай, аумайды. Бәлкім, құдіретіңіз жетсе сол балаға, Серікке оң көзбен караңыз. Ұлыңыз, Ұланыңыздың касында серік болып жүрер, бәлкім. Біздің әулеттен калған жалғыз бір тұяқ қой, шетке теппессіз… мұның бәрін сізге аманаттап жазып отырғаным, неге екен маған енді өмір жоқ секідді көрініп тұр. Мағанасыз мәнсіз тірліктен әбден жалыктым.

Өмір сүргім келмейді.

Аман болыңыз, аға.

Екі дүниеде де сізге тек жақсылық тілеп өтуші Ақшарқат деп біліңіз».

4 мамыр 2003 жыл.

Хатты  оқып  болғанда  өзімнің  үнсіз  жылап  отырғанымды білдім.

–   Не  болды,  шырақ –деп  маған  аңтарыла  қалған  кемпірге үндемей, темекімді алып  тамбурга  шығып  кеттім…

 

Жанарыма  тұнған  жасым  ең?

Іссапардан келгелі  көңілім  болмай,  тұжырап  жүргенмін. Әрі  баламның   сабағы  тезірек  бітсе,  ауылға  шал-кемпірдің   қолына  апарып,  жолай  Қауғалыға соғып  Ақшарқатты   іздеп  бармақ болғам. Бір  күні  кешкілік  үйдегі  телефон  шар  ете  түсті. Трубканы  көтерген  балам, -Әке  сізді  шақырады – деп  маған  ұсата  салды.

– Ал-өу,  Серік   аға  ма,  иә  сәләматсыз  ба,   мен Аян деген  жігітпін  ғой.  Қауғалыдан,  Ақшарқаттың  дұғай-дұғай  сәлемін  жеткізейін  деп  едім  деп-  трубканың  ар  жағындағы  дауыс  сәл бөгеліп  қалды.

  • Иә, иә  айта  бер- дедім тыпыршып.
  • Солай  аға…  Ақшарқат  бізді  тастап  кетті…  Трубканың  ар  жағындағы  дауыс иесі   тұншығып  жылағандай  болды.
  • Тастағаны  несі,  айтсаңшы  дұрыстап – Дауысым  ышқына  шықты.
  • Солай аға,  Ақшарқат дүниеден  озды… сізге  хабарла  деп  еді.  Әні-міне  жерлейміз,  жетісін  өткіземіз  деп  жүріп  қол  тимеді.   Кешіріңіз… кеште  болса айтып  жатырмын…

Трубканы  тастай  салдым.  Көз  алдымда «Енді  көріспейтін  сияқтымыз  аға»  деген  Ақшарқаттың   жасқа  толы  жанары  елестеді.   Ертесін   шұғыл  жиналып  Қауғалыға   тартып  кеттім.  Оқиға   былай  болса  керек. Ақшарқат  шешесінің  басына  барып, Гауһардан  қалған   ұлды  көріп өз-өзіне  келген  соң, баяғы  Саттардың  айналасындағылар  тағы  жиналып,  қолқалап, жалынып-жалпайып    Саттардың  үйіне алып  барады.   Бірақ  бір  қисайған тірлік  қайтып  оңалсын  ба,  араға  екі-үші  күн салмай-ақ кездейсоқ  көшеде  Аянмен кездесіп  қалған Ақшарқат  оны-мұны  айтып біраз  тұрып  қалса  керек. Бұларды  көзі  шалып  қалған   Саттар: «тағы  баяғы  әуеніңе   басқан екенсің, қаншық, көз  сүйел болғанша   сені  мүлде  құртайын»  -деп үйінен    мылтық  алып жүгіріп  шығып, ойланбай  атып  салса керек.

« …  Ақшарқат  қанға  боялып  тіземде  жатып  қайтыс  болды. Қайта-қайта  сіздің  атыңызды  атады, хабарлас  деді.  Гауһардың   жалғыз  ұлын  сізге  табыста  деді»- Осыны  айтқан  Аян  егіліп  жылап  тұр  еді.   Менде  өкісігімді  баса  алмадым.

Ақшарқаттың    басына  бардым. Жалғыз емес, Аян  бар, Гауһардың  ұлы Серік   бар,  жанымда. Қабір  басында  Серікті  құшақтап  солқылдап  ұзақ  жыладым. Бәлкім,  өмірде  дәл  сондай   болып  қайтіп  жыламаспын.   Мені  жақын тарттыма, Серікте  мені    жатырқамай  құшақтап  өксігін тия алмады.

Тарбағайтай  тауының  етегінде  Үржар  деген   үлкен аудан   бар. Сол  Үржардың  шығысында   он-он бес  шақырым  жерде   Қауғалы деген ауыл  бар.   Сол  Қауғалыдан  Үржарға   шыға  берер  қасқа  жолдың   оң  қапталында   қорым бар.   Ошарлана  орналасқан   бейіттердің  бір  шетінде бұл  өмірден бейнесін  бір көруді  арман  етіп  іздеп  жүріп,  моласына  жолыққан,  алғашқы  пәк  махаббатым  Гауһарымның  бейіті  тұр.  Оның  жанында   кездейсоқ  кездестіріп,   байқамай  қолымнан  ұшырып  алған   ақ  қанат  құсым  Ақшарқаттың  бейіті  жатыр.

 

P.S.  Қолыма  қалам  алып,    қағаз  бетін шиырлап  жүрген  соң,  бұл оқиғаны  жазбасқа  болмады. Өйткені   тағдыры  ауыр қызғалдақ   ғұмырдай   ғана күн  кешіп, өмірлері  күрсінумен  өткен апалы-сіңілі  екі  мұңлықтың   алдындағы    менің    парызым  еді.

Doszhan Balabekuly

Сейсен  ӘМІРБЕКҰЛЫ

Қазан. 2003  жыл.  Алматы.