Халықтың бақуатты өмір сүруіне кепілдік береміз

116

Бүгінгі күннің  дәлелдеп берген  бір ақиқаты,  отыз  жыл «тек өркендеумен,  өсумен келеді»  деп мақтан  еткен  экономикамыздың түкке алғысыз екені. Қазіргідей  қиын кезде кінәрат табылғаны.Ол кемшілік экономиканың тек шикізатқа  құрылғаны,  яғни  шикізаттық  саясат  басты  орында  тұрды. Экономика әр тараптандырылмады. Соның зардабын  әлемді шырмауына алған  әр  дағдарыс кезінле тартып келдік.

Өйткені  Қазақстанның бюджеті мұнайдан  түсетін валютаның  есебінде жасақталып  келгені белгілі. Бұрынғысын айтпағанда,  қазіргі  кезге  назар аударсақ, 2019-2020  жылдарғы  ел  бюджетінде  қара алтынның баррелінің бағасы 55 доллар деп  есепке  алынды. Солай  бекітті. Тіпті жағымсыз сценарий  жағдайында  мұнай  45  долларға  дейін  арзандайды деп жобаланды. Бірақ  бүгінгі күні  мұнай  баррелі  30 доллардың  айналасында  құбылып  тұр. Бұл  экономикаға  үлкен  соққы.  Ұмытпасақ, 2008  жылғы  әлемдік дағдарысты еңсеру  үшін, Қазақстан Ұлттық  қордан  кем дегенде  20 миллиард  доллар алып,  әупірім  деді. 2015-2016 жылдардағы өліара кезеңдеде   осынша қаржыны шығындауға  мәжбүр болды. Бұл жағай тек  мұнайға,   жалпы  көмірсутегі отындарына  сеніп отыра беруге  болмайтынын  көрсетті. Ұлттық  қормен   Ұлттық  банктің  алтын-валюта резервіндегі  қаржы  ол  ұлттың  несібесі. Оны Үкімет  тізгінін  ұстаған  біліксіз басшылардың  кесірінен  оңды-солды  шаша беруге  болмайды. Ал, дәл  қазіргі  жағдай (мұнай бағасы  төмендеп, коронавирус індеті өршіген  тұста)  экономиканы қайтадан құрылымдау  қажет екенін көрсетті. Ол үшін  не  істеу керек? Әрине,  ең  бастысы жаңа экономикалық  саясат.  Ұлы  реформалар  жасау кезеңі  келді.  Экономика кез-келген әлемдік  сілкініске  төтеп беру  үшін,  оның  өзегінде  не  жатуы керек? Міне  бізге ең алдымен осыны  анықтап алып, соған сай әрекет етуге тиіс  күн  туды. Экономикада таңғажайып  секірістер жасаған «Азия  жолбарыстары» аталған елдердің  және Латын Америкасында жатқан  қайсы  бір мемлекеттердің осы  саладағы сәтті реформаларын  зерттеп, қыр-сырына  үңіле  отырып, оны өзіміздің   мүмкіндігімізге,  жағдайымызға  сай  ретінде пайдалануға  болар еді.  Экономикада  сәтті реформалар жасап,  жақсы табысқа  жеткен кез-келген  мемлекет,  мемлекетті алға сүйрейтін ауыр өндірісті жолға  қойғанымен қатар, халықтың  бауатты  өмірін  қамтамассыз ететін шағын  және  орта бизнеске  айрықша  көңіл  бөлгені  анық. Оны сол елдердің  тәжірибесіне  қарап аңғаруға  болады. Бізгеде  осыны баяғыда  жүзеге  асыру  қажет еді. Бірақ экономика саласында басты тізгінді  ұстаған біліксіз  басшылар  бұған аса  мән бермеді. Мұнаймен  газдан, түсті  металдардан түскен  валютаны  санап, оны  оңды-солды  шашумен айналысты. Ал қазіргі кезде көмірсутегі  отындарының  бағасы құлап, құнды  металдардың бағамы арзандаған тұста, валютада  кеміді. Демек, пайдасы  көп  бұл аталмыш  минеральдардың   бағасы  қашан  көтеріледі деп күтіп  отырмай, жедел түрде  экономиканы әр тараптандыруды  бастап кету керек. Ең  бастысы бізге шағын  және  орта бизнесті дамытуды  қолға алу. Шағын бизнестің негізгі функциясы жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту  екені  белгілі. Қазіргі  таңда елімізде  шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 29%  құрап отыр.  Бұл  өте аз. Мемлекетпен  оның  халқы  бауатты өмір сүру  үшін  70 пайызға  жетуі  тиіс. Сол кезде  біз ешқандай  әлемдік дағдарысқа  пысқырып қарамайтын  боламыз.  Осы  мақсатты алға  қоя  отырып, қазір өзім жекшілік етіп отырған «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсы бір  топ  экономистердің  басын  қосып,  Қазақстанның жаңа  экономикалық  саясатын яғни бағдарламасын жасауға көштік.  Әрине  бұл  жерде бәрін бүге-шегесіне дейін тізіп,  қалай  жүзеге  асыру  тетіктерін  көрсету (өзгелер пайдаланып кетуі ықтимал)  міндет емес. Негізгі   салаларының шет жағасын айта кеткенді  жөн  тауып  отырмын.

Бірінші, шағын  және орта  бизнесті көтеру. Экономикадағы  үлесін  кем дегенде  70  пайызға  жеткізу. Оны қаржыландыру,  несиелендірудің   пайыздық  мөлшерлемесі  қандай болуы  тиіс  екенін нақтылау. Шағын  және орта  бизнестің  негізгі қамтитын саласын анықтап  беру.  Салықтардан  босату тетіктерін  жүзеге асыру.

Екінші, отандық  бизнестің өркендеуі  үшін, шеттен келетін тауарларға салықты көбейту  және  шектеу. Осылай ете  отырып, отандық бизнеске, отандық өндірушілерге   жол ашу, Өзіміз  өндірген  өніммен елімізді толыққанды  қамтамассыз ету һәм бәсекелестік жағдайды арттыра  отырып өнімнің  сапасын  жақсарту. Экспортқа  шығару.

Үшінші,  туризмді  дамыту ел саясатының  басты бағытының бірі ретінде  қарастыру.  Еліміздің әр аймағында табиғаты  көркем жерлер  өте көп. Тағылымға  толы тарихи орындарыда  жетерлік. Әлемде емдік  қасиеті мол екі көлдің  (екіншісі Канада елінде) біреуі біздің  елде яғни  Алакөл екені  белгілі. Осы көлдің айналасында  инфроқұрылымдарды жақсартып, көлдің жарнамасын  тек елімізде  ғана емес, әлем бойынша жасау керек-ақ. Мәселен, Моғолияда  тұрғызылған Шыңғыс ханның  70 метрлік ескерткішін көру  үшін, жыл  сайын ол елге миллиондаған турист  ат басын тірейді.  Ал, бізде  сол  ұлы  қағанның   туған ұлы  Жошының мазары  тұр. Егерде әлемдік деңгейде жарнамасы жақсы болса,  Жошының жатқан жерін көреміз деп Қазақстанғада  туристер ағылары хақ. Шеттен келген  әр  турист  бірнеше  мың  долларын тастап кететін ескерсек, соларға қызмет еткен кәсіпкерлердің  жағдайы анағұрлым  жақсармақ. Жалпы елімзде жаһан тарихынан,  адамзаттың өркендеу  кезеңінен  хабар беретін   ғажап  орындар жеткілікті. Туризм дегенде  біз  осыны ескеруіміз керек.

Төртінші,   мұнайды  тек  шикізат ретінде  сата беруді шектеу керек.  Біз  мұнайдан  4-5 өнім  (бензин маркалары, диельді  отын) аламыз.  Ал Германия  өз еліне импортталып келген мұнайдан  төрт жүзе  тарта  өнім жасайды. Кері  сатады. Осының арқасында экономикасы алдыңғы  қатарлы  елдердің арасында. Бізгеде осындай жағдайға (жаңа экономикалық бағдарламада, бұл көрсетілген)  жету керек.

Қысқасы елімізді тығрықтан алып шығатын жаңа экономикалық  саясатты жүзеге асырудың  тұтқасын біздің  қолға беретін  болса, біз  дайынбыз. Және алдағы  5  жыл ішінде экономикада  үлкен секірістер жасап, еліміздің  бауатты  өмір сүретініне кепілдік бере аламыз.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ,  «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянстың   төрағасы