Қазақтың табиғатын көркейту шетелдіктердің қолына ғана қарап қалды ма?!

84

Қазір өзге елдердегі атыс-шабыстан, табиғаттың тосын мінезінен шетел асып қызық қууды сиретіп жатқандардың көбісі ат басын Қазақстанның Алакөліне, Алматының Шымбұлағына және Көкшенің көрікті Бурабайына бұра бастады. Бүгінде елімізге қонақтап келген туристердің қайсыбірі Алматының табиғатын көркейтуге бейілді екендіктерін аракідік айтып қалады.  Соның бір дәлелі ретінде айтсақ, күні кеш еАлматы қаласының әкімі Бауыржан БАйбек мырза,  «биылдан бастап Алматының табиғатын көркейту үшін австралиялықтар мен француздардың тәжірибесіне жүгінейік  деп отырмыз. Ол үшін жекелеген инвесторларды тарту арқылы табиғатымызды әсемдеуге 1 млрд доллар қаржы қарастырылып  отыр. Аталмыш қаржының басым бөлігі  Алматының тау-шаңғы туризімін жетілдіруге бөлінеді» деді.

Жалпы, Алматының ішкі көркейту жұмыстары, қаланы безендіру ісі бұған дейін дат архитекторы Ян Гейл жобасымен жүзеге асырылып келді. Бұған қатысты Алматының бірқатар безендіру жұмысы сынға да ұшырады, халықтың көңілінен де шықпай қалған тұстары болды. Бірақ қаланы көркейтуді мақсат тұтқан атқарушы билік алған бетінен қайтпай тек жоспарларын іске асыруды мақсат тұтып отыр.

Негізінде, туризмге қатысты деректерге жүгінсек,  соңғы үш жылдың көлемінде біз­дің Үкімет бұл саланы дамытуға тереңінен мән бе­ретін толағай бағдарламаларды қабыл­дап тастады. Ол бағдарламалардың негізгі ұстан­­ған бағыты: туризмді мұнайдан кейінгі табыс көзі­не айналдыру; еліміздегі көрікті мекендерді шетелдік­терге жарнамалау арқылы ұпайды түген­деу; әлемге әйгілі Си-Эн-Эн, Би-Би-Си және басқа да ақпарат таратушы алпауыт компаниялармен табиғаты көркем аймақ­тарды жарнамалау туралы келісімшарт жасасу; отандық туризм саласына шетелден инвестиция тарту;
Міне, біз қазақстандық туризмнің бет-бедерін біз алдағы үш жылда  осылай қалыптастыруды мақсат тұтып отырмыз. Былай қарағанда, Үкімет үкі­леп отырған туризм саласын дамытудың алғышарттары бізде жеткілікті тәрізді. Әйтсе де біздің өзге елдер тәрізді туризмнен шыл­қыған пайда көріп жатқанымыз шамалы.

Біз елдегі туризмді дамыту үшін  бюджеттен 2018 жылы 140 млрд теңге бөліппіз. Бірақ мамандар біздегі туризм саласының әлі де кемшін тұстары көп екенін алға тартуда.  Сарап­шылардың пікірінше, елімізде туризмді дамытуға тұсау болатын мына жайттар әлі де шешімін таппаған көрінеді. Біріншіден, шетел ту­ристері виза алып, көші-қон органдарында тіркелу үшін көп қиналса, екіншіден, құ­жат­тарды рәсімдейтін білікті мамандар жетіс­пейді. Инфрақұрылым мен мар­ке­тинг­тің деңгейі де сын көтермейді. Бұл рет­те «отандық туристік компаниялар шет­елдік инвестицияны игеруге де қабі­летсіз» деген пікірлер қалыптасқан.

« Бүгінде туризм саласына шетелден инвестиция құюға Үкімет өзі мүмкіндік беріп отыр. Қазір шетелдік туристік фирмалардың көбісі Іле Алатауының баурайына курорт салуға, Қапшағай мен Шучье-Бурабай аймағына ойын-сауық кешендері мен шипажайлар салуға ықылас білдіріп отыр. Бірақ біздің елде әлі де болса шетелдік менеджерлерді қазақ жеріне жерсіндіретін жобалар легі жоқтың қасы. Сондай-ақ отандық мамандардың біліктілігі де жетіспейді. Туризм саласында жүрген мамандардың 30 пайызы ғана осы сала бойынша арнаулы білім алған. Сондықтан біз туризм индустриясын дамытамыз десек, туризмді табыс көзіне айналдырамыз десек  алдымен отандық мамандардың  біліктілігін арттыруымыз керек», – дейді «Эко-Қазақстан» компаниясының менеджері Әділет Ысқақов.

Маманның айтуынша, туризмін тыңайтып, жанға жайлы демалыс орындарын көбейтіп алған елдердің көбісі бүгінде еңсесін тік ұстайды.

«Өткенде Қазақстанға Малайзия елінен бір топ туризм өкілдері келген еді. Олар ұшақтан түсе салысымен «біздің еркімізге салса Қазақстанды алты-ақ айдың ішінде жасыл алапқа айналдырар едік» деп таңдай қақты. Осыдан-ақ біз туризмді дамытуда басқа елдерден әлдеқайда кенжелеп жатқанымызды ұғындық. АҚШ туризм саласынан жылына 488 млрд доллар пайда көреді. Іргемідегі Ресей 17,9 млрд доллар пайда көреді. Қытай 224 млрд доллар, Жапония 106 млрд доллар пайда көреді. Ал біздің көретін айдамыз 1 млрд долларға да жетпейд. Шындап келгенде біз тәжірибесіне сүйеніп отырған австралия мен француздардан табиғатымыздың ісемдіг мықты»,-дейді маман.

Біз маман сөз етіп отырған деректерді арнайы сызбамен көрсеттік. Сызбада туризмді табым көзіне айналдырып алған елдердің бюджетіне түсетін табысы нақты көрсетілген.

Абзалында, туризм саласына кезінде кеңестік жүйенің аса мән берушілікпен қарағанын байқай­мыз. Мәселен, Кеңес өкіметі тұсында Ден­саулық сақтау министрлігінің қара­ма­ғында 220-ға тарта туристік меке­ме­лер болыпты. Ал республикалық кәсіп­одақ басқармасына қарасты ірі 20 сана­торий жұмыс істеген. «Өкінішке қарай, жекешелендіру кезінде бұл жүйе толығымен құлады. Көптеген демалыс орындары нарық талабына төтеп бере алған жоқ. Қазір Қазақстандағы турис­тік компаниялар мен шипажайлар саны жүзге де жетпейді» дейді мамандар.
 Тағы бір баса назар аударатын жайт – бүгінде өндіріс қалдықтарының сырт­қа тасталуынан Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қа­зақ­стан облыстарындағы емдік бұлақ көздері ластанып жатыр. Ал бұл проб­леманы шешу мақсатында мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан бағдар­ламалар легі бірен-саран, тіпті жоқтың қасы.

Жалпы, Қазақстанның туризм ин­дустриясы өткен жылы шамамен 7  миллионнан астам адамға қызмет көрсетіпті. Соның ішінде Алматы мен Бурабайға шетелдік туристердің көп келгені байқалады. Әсіресе іргеміздегі Өзбекстаннан келушілер көп. Дерек көздері өткен жылы Қазақстаннан Ыстықкөлге демалушылар аз болғанын, есесіне Бу­рабайға барушылар көбейгенін айқын­дайды.

Біз Қазақстанға былтырғы жылы келген туристердің көлемін де  арнайы сызбамен көрсеттік. Төмендегі сызбада еліміз қанша туристерді қабылдағаны айқын көрінген.

Осыған орай мамандар «Қазақстанда демалыс орын­дарына деген сұраныс жылдан-жылға өсіп келеді. Ал енді осы сұ­ра­нысты үстемелеп, туризмді табыс көзіне айналдыруға құлшынуымыз керек. Ол үшін туризм саласында шетелдік инвестицияға, шетелдік инвесторларға иек артқаннан туризм саласына мемлекеттік бақылауды күшейту қажет. Бұл қауіпсіздікке де, табиғатымыздың болмысының бұзылмауына да әсер етеді. Шетелдіктер жерімізде табиғи түрде өсіп тұрған жасыл желектерімізді жасанды жолмен әсемдесе, қазақылығымыздан мән қалмай қалуы да мүмкін. Сондықтан туризм саласында отандық мамандардың үлесі басым болуы тиіс,-дейді.

Қарлығаш Сайлаубаева