Су әлем бойынша басты мәселеге айналып келеді

102

27  мамыр  күні  Нұр-Сұлтанда  өзім жетекшілік етіп  отырған «Байтақ-Болашақ» экологиялық бірлестігі  үшінші  мәрте Конгрес  өткізбекші.  Бұл аталмыш  жиынның негізгі  тақырыбы  су  мәселесі. Неге  су? Мұның  өзіндік  мәнісі  бар.

Себебі  су  мәселесі  тек  елімізде ғана емес,  әлем  бойынша  басты  мәселеге айналып  келеді.  Сәл  таратып айтатын  болсам, жұмыр жердің 70пайызын су басып жатыр. Соған қарамастан әлемхалқының 70 пайызы қазірдің өзінде суға зәру. Бұлжағдай 2025 жылға қарай ушығып, адамзаттың 80пайызы бір жұтым судың зардабын тартпақшы. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, алдағы уақытта мемлекетаралық қақтығыс, жанжал, соғыс дәл осы судан шығуы да мүмкін. Жалпы адамның немесе жанауарлар денесінің 2/3-і, ал бәз бір өсімдіктердің4/5-і судан тұрады. Осыны есепке алсақ, суғабайланысты жанжал жыл өткен сайын өрістейтіні ащы шындық. Қысқасы алдағы 10-20 жылда сумәселесі ғаламда ек басты проблемаға айналары хақ. Ал еліміздегі су ресурстарының жағдайы қалай?

Деректерге жүгінетін болсақ, елімізде 39 мың өзен мен су арнасы, 48 мыңдай көл бар. Бір қарағанда суқоры мол секілді көрінгенімен, шынтуайтында аз.Өткен ғасырдың 60-70 жылдары жүргізілгензерттеулерде елдегі су қоры 126 мың текшешақырым деп есептелсе, қазір ол 100 мың текшешақырымға азайған. Неге? Оның себебі көп.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, республика өзендеріндегі су қоры жедел кему үстінде. Қазақстандағы өзендердің жылдықкөлемі 105,5 текше/шақырым. Оның ішінде көрші елдерден келетін судың мөлшері 44 т/ш: Ресейден –7,4 т/ш, Өзбекстаннан – 13,7, Қырғызстаннан – 3, Қытайдан – 19,9 т/ш су келеді. Демек еліміз сужағынан көршілерге тәуелді.

2050 жылы Қазақстанда мұздақтар еріп бітеді дегенде  болжам  бар.

Сарапшылардың айтуына қарағанда, осы мерзімге таяу уақытта ғаламдық жылымық салдарынан Қазақстанның ауа температурасы 3 градусқа артады. Соның нәтижесінде шөлейт жердің көлемі солтүстікке қарай 300-400 шақырымға ендеп, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнеді екен. Ауа температурасының көтерілуі жем-шөп қорының 30-90%-ға кемуіне, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарындағы астық шығымының 25-60%-ға, Солтүстүк Қазақстан облысында 70-90%-ға кемуіне әсер етеді.

Қарап отырсаңыз, алдағы уақытта еліміз шөліркей бастамақ. Демек су тартылған жерде, қарқынды дамуда жоқ. Ал оның алдын алуға бола ма? Қазақстанның су теңгеріміне келетін болсақ, еліміздегі негізгі өзендердің сегіз бассейнінің жетеуі тарансшекаралық болып табылады.Мәселен, суы молЕртіс және Іле өзендерінің бастауын Қытайданалады.

Қазақстанның оңтүстік – шығыс және орталық аумақтары үшін осы екі ірі өзен негізігі су көзі болып табылады. Осы екі өзен суының деңгейінің және сапасының төмендеуі ауыл шаруашылығы, гидроэнергетика, өнеркәсіп және экология салаларына әсер етері хақ.

Құрлықта орналасқан су бассейндерінің ішінде үшінші орын алатын Балқаш көліне жылына 23,81 текше шақырым су ағып келіп жатқан болса, мұның 17,4 текше шақырымы Іле өзені арқылы құйылады, оның 12,7 текше шақырымы өз бастауын Қытайдан алып жатыр. Ал қара Ертіс арқылы Қазақстанға жылма-жыл келіп жатқан су көлемі 5 текше шақырымды құрайды Қазір Ертіс пен Іленің суын өз мүддесіне жарату үшін Қытай жағы суға тоспақойып, бұру жобасы іске асыруда. СУАР жағы Қарамай қаласына Ертістен тартылып жатқан каналға су ала бастаса, елімізге келетін су мөлшері тағы да 20 пайызға азаяды. Іленің бойында ГЭС салынып жатыр. Сондай-ақ кейбір дерек көздеріІленің бастау алатын негізгі сағасын ішкі Шыңжаңға туннель арқылы бұрғалы жатыр деседі. Егер де Ілесуы тартылып қалатын болса, Балқаш көлі төртбөлікке бөлініп кетпек. Онда екінші Арал қасіретіорнайды. Демек алдағы уақытта Қазақстандағы су проблемасы одан әрі асқына түседі. Бұл  басты  мәселелердің  бірі. Мұның  бәрі  мемлекеттік  деңгейде  шешілуге  тиіс.

Тағы  бір  мәселе,  ол-еліміздегі  ауыз  су. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы «2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» № 570 Қаулысының талабына сай, ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді ауылдық елді мекеннің жалпы санының 80 % қамтамасыз ету бекітілген болатын. Рас,  осы  бағдарлама  бойынша біраз  жұмыс  атқарылды. Аузымызды  қу  шөппен  сүртуден аулақпыз. Алайда елдімекендердің  бәрі  сапалы ауыз сумен  қамтылды  деп айту  әлі  ерте. Осы  салаға  қазынадан  бөлініп  жатқан  миллиардтаған   теңгенің  біраз  бөлігі құмға  сіңгендей  жоқ  болып   кетіп жатқаны  белгілі. Қайтпек керек? Сапалы  ауыз  суға  жарымай  отырған  халықтың  денсаулығы  мықты  деп айта аламыз  ба?  Жоқ.  Ол  үшін  не  істеу керек?  «Байтақ-Болашақ»  экобірлестігінің   осы  жолығы  жиыны  осындай  түйткілі  мол мәселелерді кеңінен  талқыламақ.

 

Азаматхан  Әміртай  «Байтақ-Болашақ»  экобірлестігінің  төрағасы