Теміртаудағы қара қар: Экология министрі өнеркəсіп орындарын тексеруді тапсырды

181

Теміртаудағы өнеркәсіп орындары «қара қар» туралы хабарламаны тексереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Теміртау тұрғындары тағы да қалаға таралған ыс жөнінде шағымданып жатыр. Экология департаменті табиғатты пайдаланушыларды, сондай-ақ, өнеркəсіп орындарының қолайсыз ауа райы кезіндегі қоршаған ортаға зардабын азайту шараларын орындауын тексермек», – деп жазды Мырзағалиев Twitter-парақшасында.

Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы жұртшылыққа хабарланады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Теміртау тұрғындары әлеуметтік желілерде қарайған қардың суреті мен видеосын жариялаған болатын.