«7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз беруге жеті мыңнан аса өтініш мақұлданды

103

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады.

«7-20-25″ бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.

Сондай-ақ, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызға болады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

kaz.tengrinews.kz