Электр энергиясы 6,5 пайызға арзандады

130

Қазақстанда электр энергиясының құны 6,5%-ға арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom ресурсына сілтеме жасап. Жаздың соңына қарай елде сағатына 69,6 млрд кВт электр энергиясы өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3%-ға кем.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша электр энергиясының 80,5% – жылу электр стансаларының еншісінде, 9,7% – гидроэлектростансалары, 8,6%-ын газотурбинді стансалар өндірген. Жел электр стансалары бүкіл электр энергиясының тек 0,9% ғана өндірген. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 40 пайызға артық. Қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде электр энергиясы 6,5%-ға арзандады. Бағалардың арзандауы Атырау, Маңғыстау, Алматы облыстарында тіркелді. Бір айта кетерлігі, былтыр қаңтар-шілде аралығындағы электр энергиясының құны 2017 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға қымбаттаған.

inform.kz