Алматыдағы әскери институтта курсант өлі табылды

398

Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу орталығының қарауылдық постында 1 курс курсанты өлі табылды, — деп хабарлайды Жас Алаш  Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.