
Алматы тұрғындары қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алып, «Тағзым» мемориал стеласына гүл шоқтарын қойды, — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемориалға келушілер үшін мешіттерде дастарқан жайылып, көлік дайындалған. Бүгінде қала мешіттерінде құрбандық шалу рәсімі өтіп жатыр.