Алматы «сары» аймақтан шықты

96

Коронавирустың таралуы бойынша Алматы қаласы «жасыл» аймаққа өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы мынадай:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.