Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр

327

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды.