Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі 7 наурызға дейін ұзартылды

111

Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 наурызына дейін ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасынға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 29 желтоқсанда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысы шыққан.

«Сот шешімімен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзарту санкцияланды, бұл 2023 жылдың 7 наурызына дейін», — делінген хабарламада.