
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Димаш Құдайберген «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да «Режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.
Бұған дейін Димаш Құдайберген «Болашақ» стипендиясын алғаны белгілі болған еді.
Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов та New York Film Academy-да білім алған.
Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.