Жамбыл облысында әскери бөлімде жарылыс болды

91

Желіде жарылыс сәтінен куәгерлер түсірген видео пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімі қоймаларының бірінде сағат 19:00 шамасында өрт шықты. Өрттің салдарынан белгісіз заттар жарылды. Өртті сөндіруге шынжыр табанды өрт сөндіру көліктері тартылды. Олармен қоса Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру жасақтары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Өрт көзін жою жұмыстары жалғасуда. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына министрдің орынбасары, генерал -лейтенант Руслан Шпекбаев бастаған Қорғаныс министрлігінің комиссиясы аттанды.