Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап, алғашқы жылдардан-ақ білім беру жүйесіне жаңа көзқарастағы түбегейлі өзгерістерді қажет ете бастады. Әсіресе, елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі үшін кез келген таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, білім беру кеңістігінде ұтқырлығымен ерекшеленетін, әртүрлі мәдениет өкілдерімен диалогқа дайын, өз тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті, білімді мамандарды дайындау басты міндет болды.
Сондай-ақ, уақыт талабына сай мұғалімдерге шет тілін білу басты міндет болып саналғандықтан, шет тіліне қатысты білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер орын алды. Атап айтсақ, ізденушілерге шет тілін практикалық және тұлғалық-әлеуметтік әрі пән мазмұнын дайындау күшейтіліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыруға болатынына да ерекше мән берілді. Осыған сәйкес, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің шет тілдері кафедрасы «Шетел тілі» пәнін оқытудың жаратылыстану және қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар бойынша студенттердің мәдениетаралық коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруға қатысты шет тілін күнделікті де әрі кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдануға байланысты міндеттерді қойып, белсенді жұмыс жасай бастады. Сондай-ақ, тәуелсіздік алған жылдарда ізденушілердің шет тілін үйренуі ең бірінші қарым-қатынас жағдайында шет тілінде диалогты түрде жүзеге асырудан тұрды. Бірінші, мамандық бойынша әңгіме жүргізу, шет тілінде еркін оқи алу керек болса, екіншіден, арнайы (ғылыми-педагогикалық) және қоғамдық-саяси әдебиеттерді, соның ішінде мерзімді басылымдарды, өз мамандығы бойынша ақпарат алу үшін презентация жасау, аннотациялар, жеке және қызметтік хаттар, рефераттар дайындай білуі шарт еді. Бірақ ең бастысы, студенттер үшін шет тілін білудің басты жолы гуманистік дүниетанымды, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілікті қалыптастыруды, ізденушілердің жалпы мәдени білімін арттыруды және тұтас жүйені білдіретін ұлттық-мәдени құзыреттілік базасын қалыптастыруды басты міндет етіп тапсырды. Осыған сәйкес, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін шет тілі кафедрасы тынбай еңбек етіп, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруде жұмыс жасап, оқу-тәрбие жұмыстарына белсене араласты.
Шет тілі кафедрасы кадрларды іріктеуде оқытушылардың кәсіби шеберлігіне, атап айтқанда, шет тілін білуге деген жоғары құзыреттілігіне және олардың әдістемелік біліктілігін тұрақты түрде арттырып отыруына ерекше көңіл бөліп келеді. Осындай талапшылдықтың арқасында ұжымның шашауы шықпай еңбек етіп келеді. Әсіресе, И.А.Баймұратова, З.К.Мәдиева, И.В.Блавачинская, А.Г.Шаяхмет, Қ.А.Айсұлтанова Б. Н. Бекмашева, Қ.А. Жиреншина, Б.Б.Төлеубаева, Қ.Х.Жұбанова, З.А.Тілеуғабылова, Л.Алиярова, Д.М. Махметова және т.б қызметкерлерден құралған ұжым әлі де бірге жұмыстарып жалғастырып келеді.
Жаңа заман талабына сай осы жылдар ішінде ағылшын тілін оқыту әдістемесі айтарлықтай өзгерді. Оқытушылар тәжірибе алмасу барысында Пенсильвания, Калифорния, Ирвин, Лондондағы King’s college, Ұлыбритания және т.б. сияқты атақты университеттеріне барғанын ерекше айтуға болады. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу барысында Kahoot, Quizizz, Quizlet, Google Forms цифрлы құралдары енгізілді. Және толықтырылған немесе виртуалды шындық платформаларында SpatialChat // Spatial Mozilla Hubs, Mozilla хабтары сабақтарды өткізу әдістемесіне пайдаланылып, әлі де жалғасын тауып келеді. Тағы бір айта кетерлігі кафедра қай уақытта да болмасын тәрбие жұмыстарын назардан тыс қалдырған емес. Соның ішінде барлық оқу іс-әрекеті күрделі мәселелерді шешуді жүзеге асыруға бағытталды. Мұғалімдер жүргізетін барлық оқу іс-шаралары тек қана ағылшын және неміс тілдерінде жүргізіле бастағандықтан, білім беру тек танымдық емес, сонымен қатар тәрбиелік мақсаттарға ие болды. Білім беру іс-шараларына қатысу арқылы студенттер өздерінің сөйлеу дағдыларын, презентация жасау, аудитория алдында шет тілінде сөйлеу және т.б. дағдыларын дамытуға тамаша мүмкіндік алды десек болады.
Сонымен қатар кафедрада 2019 жылы ETS GLOBLE KazNUTOEFL халықаралық компаниясында аккредиттелген орталық құрылды. Орталықтың мақсаты шетел университеттерінде ағылшын тілін тереңдетіп оқыту үшін ағылшын тілін ресми түрде растауға, халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік беру болып табылады. Оның ішінде TOEFL iTP және IBT пішімдерін халықаралық тестілеуден өту арқылы ағылшын тілін шет тілі ретінде меңгеру деңгейін анықтау басты мақсат болып саналды. Бүгінде KazNUTOEFL орталығында магистранттарды халықаралық емтихандарға дайындау курстарымен қатар магистратура мен докторантураға түсушілер үшін ағылшын тілінен арнайы курстар белсенді түрде өткізіліп тұрады. Курстардың нәтижелі балға қол жеткізуге септігі көп тиіп отыратындықтан, әрі емтихандарды дұрыс және сәтті өткізгені үшін KazNUTOEFL орталығы ETS GLOBLE компаниясының алғысына ие болғанын мақтанышпен айта аламыз.
А.А.Молдағалиева,
Ш.Б.Гумарова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары