ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштен қаңтар оқиғасы бойынша тек куәгер ретінде жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына берген жауабында айтты.
«Тағы да айтамын, тергеу жүріп жатыр, қылмыстық іс тоқтатылған жоқ», — деді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.
«Самат Әбіш тек куәгер ме, әлде қорғауға құқығы бар куәгер ме?», — деген сауалға:
«Одан жай куәгер ретінде жауап алынды», — деп жауап берді Б. Асылов.
Айта кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.