Мемлекет басшысы қазақстандықтарды рәміздер күнімен құттықтады

158

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!», – деп жазды Twitter парақшасныда президент.

Айта кетейік, 4 маусым  – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні, 2007 жылдан бері аталып өтеді.