Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

128

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, – делінген Ақорда жариялаған Жарлықта.

 

1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Соколовский ауданы, Сколовка ауылында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, лицензиясы:

– Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесі (1998);

– ҚР Қарулы Күштері Әскери академиясы (1998-2000);

· Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясы (2005-2007).

Еңбек өтілі:

– мотоатқыштар взводының командирі (1989-1990);

– десанттық-шабуылдау взводының командирі (1990);

– десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы (1990-1993);

– взвод командирі, Алматы жоғарғы әскери академиясының курсанттар ротасының командирі (1993-1997);

– штаб бастығы – РҚҚ командирі орынбасары (1997-1998);

– ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері (1998);

-ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері (2000-2001);

– бөлім бастығы, жедел бөлім бастығы, Республикалық ұлан әскерлерінің жауынгерлік қызмет және дайындық бөлімінің бастығы (2001-2005);

– ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары (2007-2010);

– ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы (2010-2013);

– ҚР «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (2013-2016);

– ҚР Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы (2016-2019);

– 2019 жылдың 5 сәуірінен бастап ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.

2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.