Мәскеуде қазақстандық қыз ғимараттың 86-қабатынан құлап, қаза тапты

112

Мәскеу-сити кешенінің 86-қабатынан, «ОКО» мұнарасының бақылау алаңынан бойжеткен құлап, қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «РЕН ТВ» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 20 жастағы Диана есімді қыз қаза болған. Ол Мәскеуге Қазақстаннан барғаны хабарланды.Оқиғаның мән-жайы әлі белгісіз. Мәскеу тергеу комитеті тексеруді бастап кетті