Пойыз тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда ақшаны қалай қайтаруға болады

201
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі пойыз тоқтатылған немесе кешіктірілген жағдайда ақшаны қалай қайтару керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, пайдаланылмаған билеттерді қайтару және пойыздың кешігуі үшін өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және поштаны тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Пойыз кешіккенде:

  • 1 сағат кешігумен келе жатқан пойыз жолаушылары жүруден бас тартқан жағдайда жол ақысы толық қайтарылады. Бірақ жолаушылар билетте көрсетілген станциядан жөнелтілгенге дейін ескерту қажет.
  • Жолда жүруді тоқтатқан кезде жолаушыларға өтпеген қашықтық үшін жолақы төленеді.
  • Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар пойыздарының кешігуі үшін жолаушыларға кешіктірілген әрбір сағат үшін 3% мөлшерінде, бірақ жол жүру ақысынан аспайтын өтемақы төленеді.
  • Өтемақыны «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.
  • Жеке тасымалдаушының жолаушылар пойызымен сапарға шыққан жолаушылар өтемақы алу үшін жеке тасымалдаушының әкімшілігіне жүгінуі қажет.

global.cdek.kz

РЕКЛАМА

Доставка товаров из интернет-магазинов США

Жолаушылар пойызын ауыстыру кезінде:

  • Ауыстырылған жолаушылар пойызында/төменгі санаттағы вагонда өткен жолаушыларға жол ақысының айырмашылығы төленеді, жоғары санаттағы жолаушылардан қосымша ақы алынбайды.
  • Ауыстырылған пойызда/вагонда жүруден бас тартқан жолаушыларға жол ақысы толық қайтарылады.

2022 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Сенат отырысында Қазақстандағы «Тальго» пойызының рейстерінің тоқтатылуын түсіндірді.

Айгерим Тарина