
Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 23 700 адамнан асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
«Соңғы жиырма жылдықтғы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың расталған саны Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстік-батысында 23 700 – ден астам адам болды», – делінген агенттіктің хабарламасында.