ШҚО-да аудан әкімінің бірінің орынбасары парамен ұсталды

115

Шығыс Қазақстан облысында аудан әкімінің бірінің орынбасары парамен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс ауданы әкімінің бірінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, яғни айтарлықтай мөлшерде кәсіпкерден пара алғаны үшін. Күдікті уақытша қамауға алынды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

 

Департаменттегілер тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпараттар жария етуге жатпайтынын ескертті.