Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі қызметіне тағайындалды

97

Ғани Бейсембаев ҚР Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорда.

«Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын», — делінген жарлықта.

Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.

1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.

1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.

1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.

2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.

2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.

2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.

2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.

2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.

2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.