Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлады

94

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния — отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.