Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағы құлады

107

Қызылордаға жақын жерде АН-2 ұшағы құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 шілдеде шамамен сағат 07.00-де Қараұлтөбе ауылынан 12 шақырым жерде күріш алқаптарын өңдеу кезінде АН-2 ұшағы құлады. Техникалық ақауларға байланысты ұшудан бірнеше шақырым өткен соң, мәжбүрлі қону кезінде ұшақ тікелей алаңға құлады.

«Ұшақта 1954 және 1967 жылғы екі ұшқыш отырған. Олар ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ұшақ «Илиса» ЖШС-не тиесілі болған», – делінген хабарламада.