11 мамырға арналған ауа райы болжамы

58

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 11 мамырда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынады.

«Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай сақталады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте – шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ болуы мүмкін», – делінген хабарламада. 

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады.

BAQ.KZ