18 науқастың жағдайы өте ауыр – Біртанов

61

Елжан Біртанов үкімет отырысында еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бойынша есеп берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, 13 сәуірде елімізде бірден 140 науқас анықталған. Өткен тәулікте 140 жаңа науқас жаңадан тіркелді, дерттің өсімі 14,7% құрады. Оның ішінде Алматы қаласында – 106 адам, өсім – 64%; Қарағанды ​​облысы – 12 адам (18%); Нұр-Сұлтан – 9 адам, (3,6%). Өткен тәулікте елімізде 14 адам қайтыс болды, соңғы тәулікте екеуі, – деді Денсаулық сақтау министрі.

Ол сонымен қатар 138 адамның сауығып, ауруханадан шыққанын айтты.

Бүгінгі таңда ауруханада 939 науқас жатыр, оның 57-сі – балалар. Жағдайы тұрақтылар – 82%, яғни 770 науқас. Орташа ауырлықтағылар – 151 (16%). Ауыр жағдайда 18 науқас жатыр (2%), 8 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, – деді ол.