20-дан астам қызметкері бар еңбек ұжымына екпе салдыру міндеттеледі – ДСМ

121

20-дан астам қызметкері бар ұжымдарға вакцинация міндеттеледі, – деді арнайы брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

 

Бүгінгі таңда ұйымдасқан ұжымдар туралы айтқанда, біз құрамы 20 адамнан асатын кез-келген ұжымды меңзейміз. Яғни, 20-дан астам қызметкері бар ұжымға, егер медициналық қарсы көрсетілімдері болмаса, жеті күн сайын ПТР-тест тапсыру немесе вакцина салдыру міндеттіледі, – деді Есмағамбетова.

 

Оның айтуынша, бүгіндері осы сипатта бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы әзірленіп жатыр, оған қол қойылғаннан кейін бұл талаптар күшіне енеді.