
E-gov порталы 2018 жылы Қазақстан Республикасындағы мереке және демалыс күндердің тізімін жариялады:
Мереке күндерін ауыстыру
Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
|
||
1-2 қаңтар | Жаңа жыл | |
8 наурыз | Халықаралық әйелдер күні | |
21-23 наурыз | Наурыз мейрамы | |
1 мамыр | Қазақстан халқының бірлігі күні | |
7 мамыр | Отан Қорғаушы күні | |
9 мамыр | Жеңіс күні | |
6 шілде | Астана күні | |
30 тамыз | Конституция күні | |
1 желтоқсан | Тұңғыш Президент күні (демалыс күндері: 1, 2, 3 желтоқсан) | |
16-17 желтоқсан | Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан демалыс күнге түсіп, 18 желтоқсанға ауыстырылады) |
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.
2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.
Анықтамалық ақпарат:
ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы .