2019 жылдан бастап көлікті сақтандыруда өзгеріс болады ма?

104

Жаңа жылдан бастап көлік жүргізушілер үшін электронды сақтандыру полисі 10 пайызға арзандауы мүмкін екенін Ranking.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан көлік жүргізушілерге сақтандырудың қағаздағы нұсқасы болмағаны үшін айыппұл салынбайды. Жол сақшылары оның бар-жоғын мәліметтер базасынан тексерететін болады.

Айта кететін жағдай, жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының ресми сайты арқылы жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Сақтандыру полисін онлайн сатып алу 10 пайызға арзан болуы ықтимал.

«Заңнама негізінде сақтандыру шартын өзгертуге, бұзуға өтініш бере аласыз. Сақтандыру шараларын онлайн түрде реттеу мүмкіндігі қарастылырған», – деді сақтандыру қауымдастығы.