Құсбегіліктен ІІ Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

183

Алматыда құсбегіліктен ІІ Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған Азия біріншілігіне еліміздің бірнеше облысынан 70-ке жуық және әлемнің әр бұрышынан 20-дан аса құсбегі келді.

Аталмыш жарыстың негізгі мақсаты – ата кәсібімізді халықаралық деңгейге шығарып, оны спорт ретінде дамыту.

Жарыс негізінен үш санатта өтті. Яғни, Бүркіт пен Қаршыға және Ителгі баптаған құсбегілер арасынан үздіктер анықталды.

Бүркіт:
1 орын – Исмаилов Аман (Қырғызстан, Нарын облысы)
2 орын – Тастанбек Байрақ (Қазақстан, Ақмола облысы)
3 орын – Құрманғалиев Ақберен (Қазақстан, Алматы қаласы)
4 орын – Нұман Өмірбек (Қазақстан, ШҚО)
5 орын – Канат Ярослав (Словакия)

Қаршыға:
1 орын – Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын – Махмудхан Заки (Түркістан облысы)
3 орын – Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы)
4 орын – Кубатов Абдырасыл (Қырғызстан)
5 орын – Абдулкаримұлы Сармат (Алматы облысы)

Ителгі:
1 орын – Абдукадыров Туголбай (Қырғызстан)
2 орын – Абулов Руслан (Алматы қаласы)
3 орын – Үсен Айбар (Жамбыл облысы)
4 орын – Жумалиев Уран (Қырғызстан)
5 орын – Шалипов Медет (Алматы облысы)

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ