Қаза тапқан бес қыздың ата-анасы сұхбат берді – Тосын жай

52

Қазақстандық блоггер, бұрынғы депутат Тәңірберген Бердоңғаров Астанада мерт болған бес қыздың ата-анасынан сұхбат алды. Сеттер отбасымен болған әңгіменің видеосын блоггер YouTube хостингіндегі арнасында жариялады.

Видеода отбасының түрі көрсетілмеген. «Балаларын жоғалтқан ата-ананың жағдайын түсінуге болады. Бірақ олар сіздерді қызықтырған сұрақтарға жауап беруге қүш-жігер таба алды. Олар дұрыс жасады деп ойлаймын. Себебі осы уақытқа дейін желіде түрлі жалған ақпарат тарап кетті», – деді ролик авторы. 

Қыздардың әкесі Евгений Ситер сол қиямет түнде қайда кеткенін айтып берді. «Көлікті уақытылы жөндеп бітіре алмадым, екі аптаға кешіктім, оны ертесі өткізу керек еді, сондықтан түнде жұмысқа шығуға тура келді. Көлік иесіне кету керек болды, себебі күніне 20 мың теңгесін жоғалтып жатыр. Ондай сервис жоқ. Мен 20 жыл бойы көлік жөндеумен айналысамын, маған сенім артатын, әрдайым қиындық туса келіп тұратын тұтынушыларым бар», – деді ер адам.  

Еске салсақ, 4 ақпанда түнде Сарыарқа ауданы Көктал-1 тұрғын алабында өрт шықты. Нәтижесінде 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылы туған бес бала қаза тапты. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген еді.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz