Қостанайда Ұлттық бюроның аса маңызды істер жөніндегі офицері қамауға алынды – Ел жаңалықтары

69

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаментінің қызметкері пара алуға оқталды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылы 7 ақпанда Қостанай мамандандырылған тергеу соты жедел тергеу тобының басшысы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Т. Ж.Амантай  Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ. Мамаевтың келісімімен Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің жедел басқару аса маңызды істер жөніндегі офицері азамат Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды», – делінген хабарламада.

Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі және 366-бабы, 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алуға оқталды деген күдік келген.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz