Әйелдер үшін 2019 жылы ең қолайлы елдер аталды – Ел жаңалықтары

49

Швеция әлемде әйелдер үшін ең қолайлы мемлекеттер рейтингінде (Best Countries for Women) көш бастады. Екінші орында Дания тұр, ал үшінші орынға Канада жайғасты, – деп хабарлайды Еuropulse.

Рейтинг мәліметінше, бұл елдер денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, экономика және саясат салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігін жақсы қамтамасыз етеді. Әйелдер үшін үздік елдердің рейтингін US News & World Report американдық журналы сауалнама негізінде жасайды, оған осы жолы әлемнің 80 елінен 9 мыңнан аса әйел қатысты.

Рейтингтің бірінші ондығында Еуропаның 5 елі болды: Швеция мен Даниядан басқа, бұл Нидерланды (5-ші орын), Финляндия (6-шы) және Германия (10-шы орын). Рейтингке барлығы 80 ел кірді, Қазақстан 59-шы орынға тұрақтады.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz