Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат қызметінен кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Айзат Молдағасымова бұл қызметті 2017 жылғы тамыз айынан бері атқарған.
Молдағасымова 1971 жылы дүниеге келген. Мамандығы – гигиенашы және заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы санэпидстанциясының санитарлық дәрігері қызметінен бастады. Әр жылдары Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің басқармалары мен департаменттерінде басшылық қызметтерді атқарды.