ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНА ҰЖЫМЫНА МЫҢ АЛҒЫС!

159

Көлемі үлкен, іші жылы, кітапханаға келуші студенттер мен ұстаздарға арналған асханамен, интернет класстармен, оқу залдарымен қамтылған кітапхананың артықшылықтары мен атқаратын қызметтерін  kaznu.kz сайтындағы мәліметтерге сүйене отырып, 1 суреттегі сызбада келтірілді.

 Әл-Фараби кітапхананың артықшылықтары мен атқаратын қызметтері

  • 2 миллион данадан асатын кітап қоры.
  • Толықмәтінді дерекқор жинақталған дербес электрондық кітапхана (http://jirbis.kaznu.kz/cgi-bin/irbis64r_141_ft/cgiirbis_64_ft.exe).
  • Халықаралық танымал баспалар мен дерек қорларының электронды кітаптары
  • Ауданы 1850 м2 құрайтын адамға арналған классиқалық оқу залы.
  • Шартты түрде аймақтарға бөлінген, 220 адамға арналған электрондық кітапхана.
  • Диссертациялық қоры ұдайы толықтырылып отырып, қазіргі уақытта 7867 дана диссертация, 11407 дана автореферат құрайтын магистранттар залы.
  • Газет пен журналдың 250 атауын табуға болатын мерзімді басылымдар залы.
  • XVI-XIX ғасырлық сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталған сирек кездесетін және құнды басылымдар залы.
  • 2017 жылы алғаш рет 13992 дана құнды және сирек кездесетін кітаптардың электрондық картотекасы жасалды.
  • 2017 жылы ашылған Тұңғыш Президент залы.
  • Ғалымдар клубы. Бұл зал 2017 жылы толықтай жаңартылды: жөндеу жасалып, қонақтар қабылдау мен түрлі кездесулер өткізуге арнайы жабдықталды.
  • Шығыстың ұлы ойшылының ғылыми мұрасын зерттеумен айналысатын әл-Фараби орталығы
  • Шығыстың ұлы ойышылының өмір жолы мен шығармашылығына арналған әл-Фараби музейі. Ауданы 1800 м2 –ден астам жеке көрме алаңы.
  • 300, 80, 60 және 50 орындық 4 бірегей конференц-зал.
  • Оқырмандардың демалысына арналған коммуникациялық-релаксациялық аймақтар.

  Қазақ ұлттық университетінің мақтаныштарының бірі болып табылатын Әл-Фараби атындағы кітапхана  1934 жылы университеттің құрылуымен қатар ашылған.  2004 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен сол кездегі Чехия Президенті Вацлав Клаус университет кітапханасының жаңа ғимаратының іргетасын қаланып, 2012 жылы кітапхана жалпы ауданы 17 856,6 м2   құрайтын, шығыс стилінің нақыштары жаңа технологиялармен және коммуникациялық шешімдерм Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи ғимаратқа көшті.

Жыл бойы университет студенттері мен қонақтарына кітапхана ішіндегі мұражайларға экскурсиялар жүргізіліп тұратын дәстүр бойынша ҚазҰУ қызметкерлерінің балаларына арналып 1 маусымда “Парасат” кәсіподағының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараға белсене қатысты. Қызметкерлердің балалары ата-аналарының осындай үлкен университетте жұмыс істеп жатқандарын мақтан тұтатындарын жасырмады. Ата-аналар кітапхана директоры Туенбаева Қалима Төлеубайқызы мен өте жоғары деңгейде экскурсия жүргізген Рафкатова Лаура Рафкатовнаға алғыстырын білдірді.

Осы бір қадірлі ғимараттың ішіне кіргеннен өте жылы лебіз сезіледі. Қызметкерлердің жылы шырайлы жүздері, келген адамға көмектесейін деген шынайы ниеттері кез-келген адамның оқуға деген қызығушылығын арттырады. Физика-техникалық факультеті, жылуфизикасы және техникалық физика кафедрасы ұжымының лицензия алуға бағытталған жұмыстары барысында кітапхана қызметкерлерінің ерен еңбегіне және күн-түн демей берген көмектеріне айтар алғыстары шексіз.

 

Гумарова Ш.Б.

Куйкабаева А.А.