«Әліппе» оқулығының мектеп бағдарламасына қашан енгізілетіні белгілі болды

16

Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова «Әліппе» оқулығы туралы мағлұмат берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы вице-министр журналистерге берген сұқбатында айтты.

Каринованың сөзінше, «Әліппе» бойынша тисті жұмыстар атқарылып жатыр.

«Әрине, бұл оқулық қайтарылады. Келесі жылы жаңартылған білім беру мазмұнының бірінші циклы аяқталады. Оған 11-сынып та кіреді. Одан кейін 2021 жылдан бастап қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Әліппені енгізу осы 2021 жылдан басталады», – деді ол.

Министрдің орынбасары оқулық Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде жасалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ, ол «Әліппе» оқулығы латын графикасымен жазылатынын атап өтті.