Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті

40

Куәгерлер жолдаған сурет Жалғасы Алматы облысындағы төтенше жағдай: Автобус жүргізушісі қаза тапты Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша, төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.  «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», – деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов. Сондай-ақ, ведомстводағылар оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

Kaz.tengrinews.kz.