Алматы облысындағы төтенше жағдай: Автобус жүргізушісі қаза тапты

70

Алматы облысында автобусты пойыз соғып өтіп, оның салдарынан автобус жүргізушісі қаза тапты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Шамалған станциясындағы жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тапты және 9 адам зардап шекті. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, оқиға орнында Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бар. Алдағы ауруханалар күшейтілген тәртіпке өтті», – деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер. Ал мұның алдында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді. Төтенше жағдай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да болған.  «Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан», – деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Kaz.tengrinews.kz