Алматыда 362 «Сергек» орнатылады

24

Алматыда жыл соңына дейін тағы 362 «Сергек» орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таймерденов ведомствоның әкімдікпен бірлесіп 2021-2023 жылдарға арналған жол қауіпсіздігін арттыру бойынша кешенді жоспар әзірлегенін еске салды.

«Бұл жоспар жолдағы апат жағдайларды 15-20 пайызға азайтып, қаладағы экологиялық жағдайды 10 пайызға жақсартуға мүмкіндік береді. Қалада 414 «Сергек» орнатылған, яғни бұл 2050 камера бар дегенді білдіреді. Ал жыл соңына қарай 362 «Сергек» орнату жоспарланып отыр», – деді Таймерденов.