Алматыда екі дәрігерді соққыға жыққан

52

Полиция өкілдері Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы аурухана дәрігерлерінің соққыға жығылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген.

«Сот отырысы кезінде дәрігерлер алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін осы дерек бойынша шешім шығады», – деді Полиция департаментінде.

Kaz.tengrinews.kz