
Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері коронавирусқа байланысты карантиндік шектеу шараларын жеңілдетті.
Қаулыға сәйкес, 15 қыркүйектен бастап:
— мәдениет нысандары (адамдар саны 30-дан аспайтын жеке және топтық жаттығулар),
— кітапханалар мен музейлер (ғимараттың толуы 50 пайыздан аспауы тиіс) жұмыс істей бастайды.
– маска тағу режимі және әлеуметтік қашықтық сақталып, санитарлық-дезинфекциялық шаралар қатаң жүргізілуі, желдету жүйелері іркіліссіз жұмыс істеуі қажет.
— ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарында 3-4 сыныптардың кезекшілік топтары жұмыс істей бастайды.
Бұл ретте, сыныптағы балалар санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды қатаң сақтау талабы қойылады.
«Қаулыны ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және қандай ведомство құрамына кіретініне қарамастан барлық заңды тұлғалар орындауға міндетті. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», — делінген Алматы қалалық Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қол қойған ұжатта.