Алматыда Qazaqstan телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус анықталған

25

Алматыда Qazaqstan телеарнасының 24 қызметкерінен коронавирус анықталған , – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілдері айтты.

«Қазақстан» телерадиокешенінде профилактикалық тексеріс жүргізу кезінде 24 қызметкерден коронавирус анықталды. Сондай-ақ, осы телеарнамен бірге бір ғимаратта жұмыс істейтін «Орт Евразия» қызметкерлері тексерілді. Қазіргі уақытта олардың арасынан науқастар анықталмады», – деді комитеттегілер.