Алматыда судьяны 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұстады – Қылмыс

46

Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының өзара бірлесіп жүргізген шара барысында Андрей Штейнке ұсталғаны айтылады. 

Қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz