Алматыда жол апатынан әйел мен бала көз жұмды – Тосын жай

44

Алматыда жол-көлік оқиғасынан әйел мен бала қаза тапты, – деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі.

Апат 25 наурызда кешке Бауыржан Момышұлы көшесінде индустриялық аймаққа бұрылысқа қарама-қарсы жерде болды. Мәліметтер бойынша, Toyota автокөлігі Момышұлы бойымен оңтүстікке қарай қозғалып келе жатқан. Ал Hyundai жүргізушісі жол қиылысында қарама-қарсы бағытта солға бұрылған. Осылайша екі автомобиль соқтығысқан.  

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai көлігіндегі 2016 жылғы бала мен анасы қайтыс болды. Екі жүргізуші де түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 


© «Территория происшествий» бағдарламасы



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz